Курс мәдениаралық, ресми, кәсіби- техникалық коммуникация құзыретін дамытуды көздеген және ағылшын тілін Pre-Intermediate деңгейінде меңгерген студенттерге арналған.
Курстың артықшылығы:
- Ең үздік ресуратардан жинақталған авторлық бағдарлама. Студенттер бір оқулықты ғана меңгермей магистратура, докторантурада оқу кезінде, шетелдегі оқу орында оқу және халықаралық компанияларда жұмыс істеу кезінде қолдана аларлық қажетті де маңызды ақпаратты ала алады.
- Университеттің академиялық мобильдік бағдарламасына қатысу, яғни студент оқуда биік білім сапасын көрсеткен жағдайда өз мамандығы бойынша алыс және таяу шетелде 1 семестр білім алуға мүмкіндік жасалады.
- Сабақ қарқынды деңгейде жүргізіледі, яғни аптасына 2 рет студенттер ағылшын тілі ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, техникалық аударма жасауға үйренеді және үй тапсырмасын сапалы орындап өз білімін толықтырады.
- Курс бағдарламасына сандық платформа базасында ағылшын тілі бойынша кәсіби- техникалық аударма жасау білімін тереңдету енгізілген.
- Техникалық коммуникация аумағында аудармашылар даярлау бағдарламасы «Шетел тілдері» кафедрасы оқытушыларының көп жылдық (12 жылдан астам) тәжірибесіне сүйене отырып жасалды.
- Курсты бітірген соң сіз арнайы ағылшын тілінде жазылған әдебиеттерді оқып қана қоймай, шетелдік мамандар өткізетін семинарларға қатыса аласыз, халықаралық компаниялар ұйымдастыратын әңгімелесулерде өзіңізді еркін сезінуге мүмкіндік аласыз, дипломдық жобаңызды ағылшын тілінде қорғай аласыз.
- «Ғылыми- техникалық аудармашы» атағы жазылған күәлік аласыз.
Курстың ұзақтығы – 3,5 жыл (7 семестр).
Оқу құны – айына 9000 тенге.
Курста оқуға ниет білдірген барлық студенттерге міндетті түрде қабылдау тестілеуінен өту керек немесе ағылшын тілін В1 деңгейінде білетіндігін растайтын сертификат тапсыруы қажет.
Курс өз жұмысын 2018 жылдың 1 ақпанында бастайды.
Қосымша ақпаратты 1 оқу ғимаратының 526 аудиториясында орналасқан «Шетел тілдері» кафедрасынан алуға болады.
координатор: Жданова Э.А., тел.: 87473545957.