ҚарМТУ сайты Қазнет  веб-сайттар байқауында Көрермендер көзайымы сыйлығының  иегері болды


20 желтоқсан күні Алматы қаласында XV Ұлттық AWARD.kz. интернет-сыйлықтар байқауының жеңімпаздарын құттықтау салтанатты рәсімі өтті. Сайт қараушыларының дауыс беруі арқылы және әділ қазылар алқасының шешіміне сай университетіміздің сайты Көрермендер көзайымы сыйлығы Дипломы және мүсіншесімен марапатталды.

Ұлттық AWARD.kz. интернет-сыйлықтар байқауы  жыл сайынғы Қазақ интернет жүйесіндегі  веб-сайттардың,  интернет-ресурстардың ақпараты, дизайны мен техникалық сапасын бағаланатын сайыс болып табылады. Бұл байқаудың тарихы 1999 жылдан бастау алады. Алғашқы Қазнет интернет-ресурстарының байқауын Nursat компаниясының веб-тобы ұйымдарстырған болатын. Сол кездегі байқаудың мақсаты Nursat компаниясының талантты веб-дизайнерлері мен программистерін анықтау еді. Аталмыш идеяны Itec  компаниясы іліп әкетіп, қазақстандық интернет желісін дамытуды ынталандыру үшін 2000 — 2001 жылдары  «Ең үздік  KITEL сайты» атты байқау ұйымдастырды.

Ал «AWARD.kz» атауы ең бірінші рет 2002 жылы ортаға шықты. Осы жылдан бастап, бірнеше компания және жеке азаматтар бірігіп, байқаулар өткізе бастады. 2006 жылдан бастап, «Глатис» студиясы тарапынан Award логотипі жасалып, ол бүгінгі күнге дейін сайыстың символы болып келеді. AWARD.kz өз қызметі арқылы Қазақстандағы интернет жүйесін жоғары деңгейге жеткізу, дамытуды мақсат етеді.

2007 жылға қарай аталмыш байқаудың ұйымдастырушылар комитеті тұрақталды. Сол жылы ұйымдастырушылар комитетінің күшімен «Ұлттық AWARD.kz. интернет-сыйлығы» Қоғамдық қорының тұсауы кесіліп,  аталмыш байқау жыл сайын осы коммерциялық емес ұйым тарапынан өткізіліп келеді.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Биылғы байқаудың алғашқы кезеңі 29 мамыр және 15 қазан аралығында өткізіліп, онда интернет-ресурстардың иелерінен,  сайт жасаушылардың атынан байқауға қатысу өтінімдері қабылданды. Сондай-ақ Қазнет қолданушылары мен отандық эксперттер тарапынан алғашқы  іріктеу ұйымдастырылды.  Ал екінші 20 қазан – 1 желтоқсан аралығында жобаларға халықаралық әділқазылар алқасы төрелік етті

2017 жылы байқауға жалпы  273 өтінім берілді, екінші  финалдық кезеңге  108 сайт және 10 мобильді қосымша өтті. Мерейтойлық 15 байқаудың бас демеушілері  ««Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ және  Astana_Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі болды.

Ең үздік интернет-ресурстар тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://award.kz/about.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз, жобаларыңыз өркендеп, өсе берсін деген тілек айтамыз!

Без рубрики