«Қазіргі замандағы Қазақстандағы діни мәселелер» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің жоспары


2017 жылдың 15 желтоқсанында «Қазіргі замандағы Қазақстандағы діни мәселелер» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға ҚарМТУ инновациялық Технологиялар Колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: студенттерді Қазақстан Республикасындағы дінаралық мәселелермен таныстыру, дін сұхбатына дайындығын дамыту. Әңгімені ҚХА және ӘГП кафедрасының оқытушысы Е.Ж.Аубакиров  бастады.

Дөңгелек үстел барысында МЕТ-17-4, К9/17 КОПЖТ (орыс тобы), К9/17 КСЭЗ, ЭЭ-16- 2п, К9/17 КВТ, К9/17 КОПЖТ (қаз)тобының студенттері өз баяндамаларын жасады.

Әңгіме барысында студенттер Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы — Н.А.Назарбаев бекіткен «Қазақстан Республикасы Діни мәселелері жөніндегі Мемлекеттік саясат Концепциясымен» танысты.

Дөңгелек стол отырысын қорытындылай келе Мемлекет Басшысының сөзін еске салғымыз келеді: «Бүгін бізбен бір столда христиан, ислам, буддизм, иудаизмнің өкілдері отырғанын көрдіңіздер. Ал осыдан біраз уақыт бұрын ислам және иудаизм өкілдерінің бір қонақүйде тұрғанын, бір столда отырғанын, маңызды мәселелер жөнінде сұхбат құрғанын елестету де мүмкін емес болатын. Бірақ бұл халқының басым көпшілігі Ислам дінін тұтынатын біздің Қазақстанда орын алды.

Осылайша, біздің Қазақстан Бейбітшілік пен Келісім қозғалысының орталығы болды. Ұлтаралық, біздің Мемлекетіміздегі дінаралық келісімді қалыптастыруға жағдай жасау – Мемлекеттің және оның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық курсы. Ол халықтар және діндер арасындағы сенім мен ынтымақтастықты арттыруға бар күшін салуда, және бұл жұмыс – үлкен нәтижесін беруде.

Без рубрики