Флеш-моб «Менің Тәуелсіз Қазақстаным»


11-15 желтоқсан аралығында Инновациялық технологиялар колледжінде ҚР Тәуелсіздік Күнін мерекелеу апталығы өтті. Өз кезегінде, студенттер жоспраланған шараларға белсенділікпен қатысты. Мерекелеудің қорытынды бөлімі ретінде 1 корпустың дәлізінде «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты флеш моб өтті. Студенттер «Мәңгілік ел» төсбелгісі бар ақ жейде киіп, Қайрат Нұртастың орындауындағы «Алға Қазақстан» әніне биледі. ҚарМТУ-дың студенттері үлкен қызығушылықпен бұл көріністі тамашалады. Бұл іс-шаралармен біз студенттерімізді белсенді болуға және өз Отанын сүюге тәрбиелеуді мақсат еттік.

Без рубрики