Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты іс-шара


14 желтоқсан күні Отанымыз үшін ең құнды да қастерлі мереке ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің акт залында білім ордамыздың ректоры, т.ғ.д., профессор Марат Ибатовтың төрағалығымен салтанатты жиын өтті.

  • Бұл күн – Қазақстан халқының ұлы әрі үлкен мерекесі! Қазағымыздың егеменді ел атанып, тіліміз мемлекетік мәртебе алып, ұлттық мәдениетіміз, салт-дәстүріміз қайта оралып, өз алдымызға ел болған күн. Сіздерді шын жүректен айтулы мереке – ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығымен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын! – деп, оқу орнының профессор-оқытушылары мен қызметкерлеріне құттықтау лебізін арнаған Марат Кеңесұлы осынау уақыт ішінде Қазақстанның, сонымен қатар университетіміздің қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды. Ел дамуы жолындағы әрбір маңызды бастамаларды техникалық ғылым тұрғысынан қолдап, мемлекетіміздің білім саласын дамытуға үлкен үлес қосып келе жатқан білім ордамыздың, соның ішінде, университет қызметкерлерінің елеулі еңбегін назардан тыс қалдырмады.

Салтанатты жиында тәуелсіздік уақытында жеткен жетістіктеріміз сараланып,  Қазақстанның тарихы мен қалыптасуы жөнінде де әңгіме өрбіп, бұл жайлы Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Қайыр Тлеуғабылова баяндама жасады.  Ол атаулы күннің Қазақстанның әрбір азаматы үшін қастерлі мереке екендігін және азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалған күні екендігін баса айтып, ендігі күнде бірлік-берекемізді сақтап, аянбай еңбек етуге тиіспіз,- деді.

Келесі сөз білім ордамыздың ЭЭ-15-6 тобының студенті Арнұр Дарбековке беріліп, ол ҚарМТУ студенттерінің жыл бойынғы жетістіктері мен табыстарына  тоқталды. Ал оның сөзін   ТТ-16-1 тобының студенті Амангелді Абылай «Әлемді өзгертетін идеялар» баяндамасымен жалғастырды.

Одан әрі, университет ректоры мерекеге орай ҚарМТУ профессор-оқытушылары мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұсынылған мемлекеттік марапаттарды табыс етті.

ҚР ЖОО Ассоциациясының А. Байтұрсынов атындағы орденімен және ҚР БжҒМ құрмет грамотасымен т.ғ.д. профессор Николай Александрович Дрижд, ҚР ЖОО Ассоциациясының А. Байтұрсынов атындағы күміс медалімен т.ғ.д. профессор Гульнара Сантаевна Жетесова;

ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен: профессор Юрий Моисеевич Ким, т.ғ.к.  Паруза Маукебаевна Кельмагамбетова, проф.  Манжурин Иван Петрович, т.ғ.д., профессор Юрий Михайлович Смирнов, аға оқытушы Айман Шарапатовна Жунусова, проф., Адиль Суратович  Кадыров,  т.ғ.д.  Сергей Георгиевич Ожигин, п.ғ.к. Светлана Михайловна Ударцева, т.ғ.к. Александр Викторович Таранов, п.ғ.к.  Ирина Ивановна Ерахтина, т.ғ.к. Феликс Назымович Булатбаев, т.ғ.к  Марат Омирбекович Иманов, т.ғ.к.  Галия Мухамедиевна Рахимова;

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ректорының  құрмет грамотасымен:  э.ғ.д. Бура Ахметжанович Ахметжанов,  т.ғ.д., проф. Юрий Александрович Николаев,    т.ғ.д.  проф. Юрий Николаевич Пак,  проф. Токмирза Смагулович Интыков,  Механика кафедрасының доценті Лидия Хамитовна Иманбаева,    т.ғ.д.  проф. Иосиф Вульфович Брейдо,  т.ғ.д.  проф.  Борис Николаевич Фешин,  аға оқытушы Владимир Алексеевич Сенькин, ҚарМТУ спорт клубының директоры   Сергей Николаевич Кунах,  инженер Нурбати Каримовна Балгынтаева,  ҚарМТУ-дың қоғамдық тамақтану комбинатының директоры   Ольга Петровна Ивашкина, «Серпін-2050» оқу орталығының басшысы   Шолпан Ахановна Жетписбай, «Серпиндестер Ордасы» жатақханасының қызметкері  Қарлығаш Мукышева  марапатталды.

Аға буынды марапаттау рәсімінен кейін кезек оқуда үздік және ғылыми  жетістіктерімен көзге түсіп, түрлі байқаулар мен сайыстардан жүлделі орындарды иеленген студент жастарға құрмет көрсетілді. Олар да ҚарМТУ ректорының алғыс хаттарына ие болды.

Жиын соңында ҚарМТУ-дың Стратегиялық даму бойынша проректоры жыл бойында жақсы нәтиже көрсеткен ұжымдарға, кафедра меңгерушілері мен құрылымдық бөлімшелердің жетекшілеріне түрлі компьютерлік жабдықтар ұсынды.

Салтанатты жиын университет студенттері әзірлеген концерттік бағдарламамен соңына ерді.

Без рубрики