Жастардың өзін-өзі басқару аймақтық жастар слеті  


2017 жылдың 15 қарашасында  Достық Үйінің конференц-залында  «Жастардың өзін-өзі басқару, мемлекетпен өзара іс-әрекет құралы ретінде» тақырыбында Университет студенттері қатысқан жастардың өзін-өзі басқару аймақтық жастар слеті өткізілді.

Отырыс барысында сөз сөйлегендер облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жетекшісі  Құттыбай М.Ж., Қарағанды облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Оспанова Қ.Б., қалалық мәслихат басшысы Құдайберген Бексұлтанов еді. Сондай-ақ, өз оқу орындарының, мектептер мен балалар үйлерінің  өзін-өзі басқару ұйымы өкілдері қатысты.

Пленарлық отырыстың соңында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және «Нұр Отан» партиясының филиалымен кадрлық резерв және цифрландыруды дамытудағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға  қол қойылды.

Жастардың өзін-өзі басқару аймақтық жастар слеті «Самрұқ» пікір-сайыс клубы қатысушыларының форсайт- пікір-сайысымен жалғасты.

Без рубрики