Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті
Құрметті Қарағанды облысының және Қарағанды қаласының азаматтары!
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті кандидаттарды ҚР ҰҚК Шекара академиясына «Жедел-ұрыстық іс-әрекетін басқару» мамандығы бойынша, оқу мерзімі 4 жыл оқуға шақырады
ҚР ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсетін кандидаттарға қойылатын талаптар:
— Қазақстан Республикасы азаматтары, орта білімі бар, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған;
— ҰБТ-дан белгіленген межелік өту балын алу. Бейіндік пән: математика — география;
— Қазақстан Республикасы азаматтары, мерзімді әскери қызмет өткерген, оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толмаған әскери қызметшілер.
ҚР ҰҚК арнайы оқу орынына оқуға түсу үшін өтініштер 2017 жылғы 1 желтоқсанына дейін келесі мекенжайлары бойынша қабылданады:
Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 17-үй
Теміртау қ., Республика даңғылы, 34/1-үй
Шахтинск қ., Казахстанская көшесі, 103А-үй
Жезқазған қ., Алашахан даңғылы, 1а-үй
Балқаш қ., Ленин көшесі, 54-үй
Тел: 8(7212) 49-84-40