Серпін жастары Көкше баурайындағы республикалық көшбасшылар лагерінде


2017 жылдың 24 және 26 қазаны  аралығында Щучинск қ. «Discovery – Бурабай» сауықтыру лагерінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» – «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы студент жастарының Республикалық көшбасшылар лагері өтті. Іс шараның мақсаты – жастардың көшбасшылық, кәсіпкерлік қасиеттерін және бизнес жоспарлау дағдыларын қалыптастыру, инновациялық ойлауды, жасампаздық пен кәсіпкерлік құзыреттіліктерін дамыту болып табылды.

Аталған шараға Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Серпін» ОО жетекшісі Ш.А. Жетпісбай және «Серпін» бағдарламасы аясында білім алып жатқан «Электроэнергетика» мамандығының 3-курс студенті Ж. Ерназар қатысты. Көшбасшылар лагерінің бағдарламасы бойынша Серпін жастары Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сұлу Көкшенің қазынасы Оқжетпес, Жұмбақтас, Абылай хан ескерткіштерінің тарихымен  танысып, өзге де көрікті жерлерді тамашалап қайтты.

Лагерде спорттық ойындардан сайыс өтіп, тимбилдинг ұйымдастырылып, жетекшілер мен студенттер бес тақырып бойынша тренингтерге қатысып, жеке ой-пікірлерін ортаға салды. Шараның соңында Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, Ұлттық жобалар бақармасы басшысы К. Тобатаева  тренингке қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.

Без рубрики