2017 жылдың 18 қазанында ҚарМТУ-дың бірінші корпусының 428 кабинетінде «Көптілділік орта–біздің болашағымыз» атты ағылшын тілінде дөңгелек үстел өтті. Шараны ҚарМТУ- дың «Шет тілдері» кафедрасы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге жиналған жұртшылықты «Шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Дамира Дулатовна Джантасова қарсы алды. Ол аталған тақырыптың өзектілігін айтып, жаhандандыру кезінде көптілді білім беру бағдарламасының келешек ұрпақтың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыратын мүмкіндіктердің бірі болып табылатындығына тоқталды.
Бұл шараға ҚарМТУ-дың қызметкерлері, 1 курс студенттері, шетелден келіп оқып жатқан студенттер және магистранттар қатысты. Дөңгелек үстелдегі әңгіме төмендегі тақырыптар аясында өрбіді:
«Multilingualismasoneoftheprioritiesofmoderneducation: stateperspectives», «On the implementation of polylingual education in KAZAKHSTAN», «Developing students’ intercultural communication skills in the frame of multicultural education in the republic of Kazakhstan».
Талқылау барысында қатысушылар берілген тақырыптар бойынша өз ойларын айтып, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар университетімізде қазақ, орыс және шет тілдерін оқыту бойынша жасалған жүйелік көпдеңгейлі көптілді білім беру бағдарламасын сәтті жүзеге асыру жолдары жайлы пікір білдірді.
Дөңгелек үстел соңында барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды.