Шетелдік  студенттерге Қазақстанда тұрудың құқықтық негіздері түсіндірілді


2017 жылдың 25 қазаны күні ҚарМТУ-да оқитын шетелдік студенттер миграциялық полиция және Қарағанды облысы дін істері басқармасының қызметкерлерімен кездесті.  

Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікістан, Өзбекстан, Ауғанстан, Иорданиядан келіп, білім ордамызда оқып жатқан жастар оқу визасының жарамдылығы, рұқсатнама аясы, тұрақты мекен-жайға тіркелудің маңызы жайлы мәліметтермен танысты.

Қарағанды облысы ІІД сыртқы миграция бөлімінің басшысы Манарбек Қамаубек елімізде шетелдіктердің жүріп-тұру құқығы, паспорттық-визалық жүйені бұзудың әкімшілік жазалары жайында мәлімет берді. Шетелдіктер үшін тіркелген мекен-жайда тұрудың міндетті екенін де ескертті.

ҚарМТУ Халықаралық серіктестік және академиялық мобильділік орталығының басшысы Әйгерім Қожанбердиева оқу және қонақ рұқсаттамаларын алу  тәртібімен, олардың күшінің жойылу жағдайларына тоқталды.

Қарағанды облысы дін істері басқармасының қызметкерлері – Бейбіт Жансарин және Қабылбек Аширалиев  түрлі діни конфессиялардың пайда болу тарихын түсіндіріп, жастарға білім беру мекемесінің территориясында діни ақпараттарды  насихаттау әрекеттеріне тыйым салынатындығын ескертті.  Наным-сенім мәселесінде деструктивті діни бағыттардың жетегінде кетуден сақтанып жүру қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ Қазақстан аумағында тыйым салынған 14 діни ағымдардың лаңкестік әрекеттердің жетегіндегі ұйымдар екендігі анықталғандығы туралы айтты.

Без рубрики