«Студенттер арасында үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша Ұлттық инновациялық конкурс


«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» (ТДҰА) «Студенттер арасында үздік инновациялық жоба»  номинациясы  бойынша Ұлттық инновациялық конкурс өткізеді.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 2017 жылғы 10 қараша.

Өтінімдерді «NATR» АҚ natd.gov.kz ресми сайтында Жарыстар бөлімінде  беруге болады.

Номинацияларға 25 жасқа (қоса алғанда) дейінгі барлық курстың студенттері өтініш бере отырып қатыса алады.

Номинацияның мақсаты — жастарды ғылым мен өнертапқыштықпен айналысуға ынталандыру, өнертабыстың маңыздылығын мамандық ретінде көтеру, жас стартаптарды ынталандыру, оларды нарыққа шығаруға дайындау.

Талаптары: осы номинацияға қатысу үшін студенттерге өз жобасы жайлы 2,5 минуттан артық емес бейне көрініс түсіріп оларды, YouTube порталына салып, онлайн режимде өтініш беру кезінде бейнеге сілтеме жасау қажет.


Жүлделер:

1 орын — 1 500 000 теңге;

2 орын — 1 000 000 теңге;

3 орын — 700 000 теңге.

Без рубрики