«Нашақорлыққа жол жоқ»


2017 жылдың 8-қазанында ҚарМТУ-дың №1 жатақханасында Студенттер Кеңесінің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – нашақорлықтың адам өміріне тигізер залалы жайында түсіндіру, студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Дөңгелек үстел барысында нашақорлар және олардың күнделікті өмірлері жайында, нашақорлықтың таралу жолдары туралы талқыланып, СТ-16-1 тобының студенті Манап Ерғали «Біздің ғасырымыздың басты дерті — нашақорлық» тақырыбында баяндама оқыды. Дөңгелек үстел барысында «Нашақорлық ортақ қасірет», «Темекінің зияны» атты  бейне фильмдер көрсетілді. Іс шара аяғында студенттер өз пікірлерін еркін білдіріп, зиянды әдеттерге әуес болмауға шақырды. Қатысқан студенттер саны – 25.

Без рубрики