2017 жылдың 8- қазанында ҚарМТУ-дың «Серпіндестер Ордасы» жатақханасының акт залында Студенттер Кеңесінің ұйымдастыруымен «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 1-курс студенттеріне Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты фильмін көрсетті.
Фильм 1930 жылдан бастап қазірге дейін аралықты қамтиды. Мұнда халықтың басынан өткен қиын-қыстау кезеңдер (ұжымдастыру, жұт, соғыс жылдары) басты кейіпкерлердің тұрмыс-тіршілігі арқылы беріліп отырады. Сюжеттік желісіне фильм кейіпкерінің басына түскен сынақтардан өтуіне көмектесетін ана махаббатының күші туралы оқиға өзек болған. Басты кейіпкер Ілияс пен анасының арасындағы ұлы сезім олардың басына туған барлық қиын күндерді артқа тастап, қайта қауышуына себепші болады. Әрбір қазақ баласы өзінің тарихын, қандай қиын кезеңдерден өтіп, мықты халық болғанын көрсете біледі.
Үздік туындыны көруге барған студенттер қауымы ерекше сезімге, көңілге бөленді.