2017 жылдың 8 – қазанында «Серпіндестер Ордасы» жатақханасында Сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат беру және құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында «Серпін» ОО жетекшісі Ш.А. Жетпісбайдың, ТТ-15-1 тобының кураторы С.Ж. Кенесовтың қатысуымен, «Серпін» бағдарламасы студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында қозғалған мәселелер:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтары;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеттері;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» деген түсініктің мән-мағынасын ашу.