Жыл сайын Astana Mining & Metallurgy конгресі аясында «Алтын Гефест» Ұлттық салалық байқауы кәсіби мамандарды, компанияларды және ғылыми жобаларды, сонымен қатар, ұстаздар мен журналисттерді марапаттап өтеді. 25 мамыр күні Астанадағы Салтанат Сарайындағы қабылдау үйінде байқаудың тау-кен және металлургия саласының мамандарын құттықтау рәсімі өтті.
Биыл байқау тарихында алғаш рет ең көп жоба ұсынылып, барлық саны 190 үміткер бақ сынасты. Жиналған үміткерлер ұсынған жобалар ішінен қазылар алқасы біздің білім ордасының студенттерін ерекше атап өтті. Байқау қорытындысы бойынша «Жылдың дипломдық жұмысы» номинациясында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Нанотехнологии және металлургия» кафедрасының студенті Айжан Ерланқызы Машкенова (МЕТ-13-6) жеңімпаз атанып, «Алтын Гефест» мүсіншесі мен дипломға ие болды. Студенттің жетекшісі – ҚарМТУ-дың аға оқытушысы Е.И. Малашкевичуте.
Сондай-ақ ең үздік үштікке кірген дипломдық жұмыс ретінде тағы да университетіміздің студенті Әлішер Әшімұлы Бошановтың (МЕТ-13-1п тобы, жетекшісі т.ғ.к. Г.И.Сұлтамурат) еңбегі көрсетілді.
Осылайша оқу орнымыздың «Нанотехнологии және металлургия» кафедрасы ұсынған екі дипломдық жұмыс байқауда жоғары бағаға ие болды.
Құттықтаймыз!