Философия докторы (PhD) дәрежесін алу туралы (2017 жылдың 25 сәуірі № 642 Комитет бұйрығы)


Философия докторы (PhD) дәрежесін келесі докторанттарға беру туралы:

Мамандықтар: 6D071800 – Электроэнергетика
Софья Валентиновна Войткевичке;
Уалихан Кабибуллаевич Искаковқа.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректораты, оқытушылар, қызметкерлер және студенттер ұжымы Өндірістік үдерістерді автоматтандыру процесі кафедрасының аға оқытушысы Софья Валентиновна Войткевичті Философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болу құрметімен құттықтайды. Жаңа ғылыми жетістіктер мен еңбекте табыс тілейді!

Құрметті Уалихан Кабибуллаевич! Өндірістік үдерістерді автоматтандыру кафедрасының ұжымы Сізді Философия докторы (PhD) дәрежесін алуыңызбен құттықтайды. Бұл тек сіздің жеке басыңыздың жетістігі ғана емес, сондай-ақ университеттің дамуына қосқан үлесіңіз деп білеміз!

Софья Валентиновна, Уалихан Кабибуллаевич білім-ғылым жолындағы елеулі еңбектеріңіз жемісті болып, өмір жолыңызға сәттілік, алға қойған мақсат-мұраттарыңызға өрлеу, үлкен жеңістер тілейміз!

Без рубрики