2017 жыл 28 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында Қазақстан халқының бірлігі Күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты ұлттық қонақ жайы өткізілді.
Мақсаты: тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайту, Қазақстандық моделінің жетістіктерін көрсету.
Іс-шараның барысы: Ұлттық қонақ жайымыз ҚР әнұранымен басталды . «Қоғамдық келісім» Қазақстан халқы Ассамблеясы Матеева Х. А., Кәрімқұл Б. Б., Малик Л. В.. оқырмандарды құтықтады.Қазақстан халқының бірлігі күні еліміз үшін маңызды бір бөлігі болып табылады.Себебі бірлік — тамыры мен өзегі-біздің мемлекетіміз. Сондықтан бағалай білу керек екендігін оқырмандарға жете түсіндірді. Мерекелік безендірілген залында әндер, этникалық әуендер,билер орындалып мерекелік көңіл-күй сыйлады.Шара соңында «Халық достығы» биі орындалды. «Достығы жарасқан, бақытты ел – Қазақстан» атты кітап көрмесі көрермендерге ұсынылды.
Қатысқандар саны — 45 адам, ұсынылды -50 кітап.