ҚарМТУ-да «Case-in» Халықаралық инженерлік чемпионатынің іріктеу кезеңі өтті


28 сәуір күні Қарағанды мемлекеттік техникалық  университетінде отын-энергетика және минералдық-шикізаттық бағыттар бойынша тапсырмаларды шешу  кейстері бойынша «Case-in» Халықаралық инженерлік чемпионатының іріктеу кезеңі өтті.  

4 ай уақыт ішінде Чемпионатқа Ресей Федерациясы, Қазақстан, Моңғолия,  Беларусия, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің 35  өңірінен 47 жоғарғы оқу орнының білім алушылары бақ сынасады. Бұл сайыс ҚарМТУ қабырғасында осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Биылғы жылғы чемпионатқа   білім ордамыздың Тау-кен ісі факультетінен – 1-4 курс студенттерінен құрылған 8 команда және Энергетика, автоматика және телекоммуникациялар факультетінен  5 команда қатысты.

«Case-in» Халықаралық инженерлік чемпионаты Электроэнергетика, Тау-кен ісі, Геологиялық барлау, Металлургия, Мұнай-газ ісі  сияқты бес бағыттан (лига)  тұрады. Мәскеуде өтетін соңғы финалға ТМД және өзге шет мемлекеттерден 3000-нан астам студент қатысатын  болады.

Чемпионат кен өндіруші сектор бойынша ең маңызды білім беру жобасы болып табылады. Онда қазіргі заманда ең үздік деп саналатын бизнес-кейс тапсырмаларын шешу  сияқты оқыту технологиясы қолданылады.

Бұл сайыстың мақсаты  –  Қазақстан, Ресей, Моңғолия және чемпионатқа қатысушы өзге елдерінің ЖОО-нда тау-кен, электроэнергетика бағыттары бойынша білім алып жатқан шығармашыл, талантты, белсенді де мақсатты жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету.  Чемпионат барысында тың идеяларымен көзге түсіп, берілген тапсырмаларды шығармашылықпен орындаған жас мамандар ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Чемпионаттың ҚарМТУ-да өткен іріктеу туры барысында екі факульттеттің білім алушылары командаларға бөлініп, 10 күн ішінде инженерлік кейстерде берілген тәжірибелік тапсырмалардың шешімін табуға тырысты. Кейстердің қалай орындалғанын   бағалау үшін өңіріміздің тау-кен және энергетика саласының  жетекші компанияларының өкілдері, атап айтқанда энергетика саласы бойынша Қарағанды қ. «Углесервис» АҚ директорының орынбасары  Л.А. Авдеев, «Қарағанды Жарық» ЖШС қосалқы станциясының бастығы И.Н. Давыдов, «KAZPROMAVTOMATIKA» ЖШС директоры В.А. Чайка, Так-кен саласы бойынша  «NOVA ЦИНК» ЖШС бас директоры С.Ю. Асан,  «Арселор Миттал Темиртау» КД АҚ «Геоболжау және геомеханика» техникалық басқарма бөлімінің басшысы Д.В. Сом, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Тау-кен өндірістік кешенінің Геотехникалық бөлімінің сараптамашысы  А. Е. Байтажиковтер шақырылды. Ал  бизнес-кейстердің ғылыми тұрғыдан дұрыс әрі нәтижелі орындалуына салалық сарапшылар мен ғылыми орталықтар өкілдері мен  университет ғалымдары баға берді.

Жас инженерлердің жобалары орындалу технологиясына, ұсынған идеяларының жаңашылдығына, шешімдерінің инновациялығы, экономикалық тұрғыдан тиімділігі және  ұсыну шеберлігіне қарай бағаланды.

Үш сағатқа созылған жоба қорғау барысында төмендегі факультеттердің студенттері жеңімпаз атанды. Тау-кен ісі бойынша:

  • 1-орын –  «Карметан»  командасы (Сергей Артемьев, 3 курс, «Экономика предприятия», Алдияр Казкен, 4 курс,  Жандос Нуржигитов, 4 курс, «Алексей Андриенко, 4 курс);
  • 2-орын – «Маркшейдер» командасы (Иван Иванов 3 курс, Алексей Сигарев 3 курс, Иван Субботин, 3 курс, «Менеджмента предприятия», Михаил Сулейменов, 2 курс);
  • 3-орын – «Редукция» командасы (Алдияр Оралбай, 3 курс,  Абзал Есенбаева, 3 курс,  Владислав Андреев, 4 курс).

Энергетика бағыты бойынша Лига жартылай финалына келесі командалар шықты. Өйткені бұл бағыт бойынша ішкі сайыс екі кезеңге бөлінді: 28 сәуір күні факультетішілік бірінші кезең өтті, ал 4 мамыр күні жартылай финалға шыққан командалар Белорусия және Қырғызстан университтерінің студенттерімен он-лайн режимде сайысқа түседі.

  • «KSTU Energy» командасы (Раби Әкімбай, Мерген Зиядаев, Алихан Бекайдар, Динара Абишева, 4 курс студенттері);
  • «Наследие Тесла» командасы (Алтынай Бекишева, Малика Мухамедина, Сабина           Усеинова студенты  4 курс студенттері);
  • 3-орынды «Mr.Wolfe» командасы  иеленді (Валерий Иванов, Олег Додонов Адильхан Кусаинов, Екатерина Шафоростова, Николай         Ошков 3 курс студенттері).

Осы сайыстардан кейін ең үздік шыққан  команда мүшелері 2017 жылдың 30-31 мамыры күндері Ресейдің Мәскеу қаласында өтетін Чемпионаттың ақтық финалына қатысуға жолдама алады.

 

Без рубрики