Сәуір айының 9-15 күндері арасында Тараз қаласында Ұлттық спорт түрлерінен жастар арасында көкпардан Қазақстан Республикасының ХІІІ чемпионаты өтті. Онда Тау-кен факультетінің 1-курс студенті Ернұр Камелхан І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Бектөбе ауылындағы атшабарда биылғы жылғы елішілік жастар чемпионатына 12 команда қатысты. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті ұйымдастырған көкпардан ХІІІ, аударыспақтан ХІІІ, теңге ілуден ХІ, жамбы атудан ІІІ мәрте ұйымдастырылған бұл чемпионатқа 1996-1999 жылы туған жастарымыз қатысып, апта бойы бәсеке көрігін қыздырды.