Студенттер мен оқытушылар құрамының сенбілікке шығуы


        2017 жылдың 10 сәуірінен 9 маусымы аралығында қаланы көгалдандыру мен санитарлық тазалау жұмыстары бойынша аудандық, қалалық және облыстық көктемгі екіайлық сенбіліктер өткізіледі. Біздің Университет аймақтарына Б. Мирадан бастап, Ленина мен Терешкова көшесінің қиылысына дейін және Пригородный мен Н. Әбдіров көшелері бойынша (Төлепова көшесінен Мұстафина көшесіне дейінгі) жерлер бекітілген.

        2017 жылдың 15 сәуірі күні сағат 09.00 ден 12.00 ге дейін қаланы көгалдандыру мен санитарлық тазалау жұмыстары бойынша, Университеттің 514 оқытушылар құрамы, қызметкерлер, академиялық топ кураторлары мен студенттері белсенді қатысқан аудандық сенбілік өткізілді. Бекітілген аймақтарда мынандай жұмыстар атқарылды: гүлзар мен жаяужол аумақтарындағы қоқыстарды тазалау, қоқыстарды қаптарға жинау және оларды жол шетіне жеткізу.

         2017 жылдың 22 сәуірі күні сағат 09.00 ден 12.00 ге дейін қаланы көгалдандыру мен санитарлық тазалау жұмыстары бойынша, Университетті 473 оқытушылар құрамы, қызметкерлер, академиялық топ кураторлары мен студенттері белсенді қатысқан облыстық сенбілік өткізілді. 

Без рубрики