Біздің жеңімпаздар!


30 және 31 наурыз күндері  Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-да Қазақстанның базалық жоғарғы оқу орындары студенттері арасында Бастапқы әскери дайындық бағыты бойынша тоғызыншы студенттік олимпиада өтті. Өз білім ордасының намысын қорғау үшін күш сынасқан  үш адамнан құралған командалар ішінде  университетіміз атынан барған студенттер үшінші орынды иеленді. 

         Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар  Бастапқы әскери дайындық пәні бойынша тестілеуден өтсе, екінші кезеңде ҚР әскери қызмет туралы заңнамалары бойынша білімдерін сынасты. Ең қызу және қызықты өткен соңғы кезеңде сайыскерлер автоматты бөлшектеу және жинау, кедергілі жүгірістен өту, нышан бойынша винтовкадан мергендік ату, медициналық көмек көрсету және газтұтқышпен жұмыс істеу біліктерін көрсетті.

Олимпиаданың ең жоғарғы балына конкурстан тыс сайысқа түскен ҚарМУ студенттері иеленді. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері олимпиада чемпиондары атанды. «Күміс» жүлде ТарГПИ және Қорқыт-ата атындағы ҚМУ сайыскерлеріне бұйырды.

Барлық жеңімпаздарға дипломдар, грамота және ескерткіш сыйлықтар табысталды.

Без рубрики