«Армысың, әз Наурыз!»


17 наурызда Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдығы мен дала дауылпазы, әнші, сазгер Әсет Найманбайұлының 150 жылдығына арналған    «Армысың, әз Наурыз!» деп аталған биылғы  облыстық ақындар айтысына Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жол – көлік» факультетінің 2 курс студенті, «Ұлттық тәрбие тағылымы» үйірмесінің мүшесі, айтыскер жас ақын Бейсембеков Сырым қатысып, 20-дан астам үміткердің арасынан озып шығып жүлделі үшінші орынды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға-оқытушысы, пед.ғылымдарының магистрі Әбілқасов Ғабиден Мәжитұлы.

фото с сайта ortalyq.kz

Без рубрики