МІжГ кафедрасында базалық GPS станция орнатылды


« Маркшейдерлік   іс   және   геодезия »   кафедрасына   инженерлік   бағыттағы   республикалық зертханалар   жұмысы   аясында   Leica  Geosystems   фирмасының  базалық  GPS   станциясы орнатылды.
Базалық  GPS  станциясы – бұл  қазіргі  уақыт  режимінде  жазықтықтық  нақты  координаталарды анықтауға  арналған  қозғалмалы   спутник  қабылдағыштарынан  (ровер)  келетін   мәліметтерді дифференциалды  түрде  дұрыстайтын  және   ұсынатын  аппараттық-бағдарламалық  кешен.
Қозғалмалы  қабылдағыш  қолданушылары дифференциалды өзгертулерді жоғары жылдамдықтағы сымсыз  желілер  (GSM, GPRS, CDMA және т.б.)  және  Интернет  жүйесі  арқылы  қабылдай   алады.
Базалық станциялар мына жағдайларда қолданылады:
• Геодезияда
• ГИС және картографияда
• Жерге қоныстандыруда
• Құрылыс және ауыл шаруашылық техникасын басқаруда
• Көлік құралдарын навигациялауда.
Қазіргі   таңда   базалық   станция   университеттің   ҒЗИ-ның  өндірістік   базасында   геодезиялық түсірілімдер  жасауда және «Инженерлік геодезия», «Жоғары геодезия», «Фотограмметрия» сияқты және т.б. зертханалық дәрістерді жүргізу үшін қолданылуда.

Без рубрики