Инженерлік педагогика орталығы халықаралық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар:
- Халықаралық коммуникация және даму орталығы (Болгария) – «Шегі жок мамандықтар», семинарлар: «Еуроодақпен тегін қаржыланған ЕО-қа мүше емес елдер үшін жылдам бағдарламаларға қатысуға мүмкіндіктер, жағдайлар, өлшемдер және әріптестік қатысудың құралдары» (2011ж.), «Серіктестік арқылы Еуроинтеграция» (2012 ж.).
- Еуропалық Білім беру Қоры:
— «Барлық өмір ағымында оқу орталығы ретінде кәсіптік оқу орындарын дамыту» /«Working together Learning for life» (2011-2015 жж.);
— «Жұмысбастылық пен білім берудің үйлесімділігі: Орталық Азияда білім беруден жұмысқа орналастыруға өту жүйесі» (2011ж.);
- Бағдарламалар шегінде Техникалық Ынтымақтастық бойынша Германиялық Ұйым (GTZ):
-«Қыздар мен әйелдерге кәсіптік білім беру және ҚР білім беру жүйесіндегі реформалау процессін қолдау»;
-«Орталық-азиялық елдерде оқытушыларды өңірлік желімен оқыту (кәсіби педагогика/ дидактика)»;
— Халықаралық Ынтымақтастық бойынша Германиялық Ұйым (GIZ GmbH / GOPA Consultants): «Қазақстан Республикасында кәсіптік-техникалық білім беруді қолдау».
- Еуропалық одақ «ҚР ТжКББ жүйесіндегі әлеуметтік серіктестік»: Құзіреттілік негізінде модульдік бағдарламаларды әзірлеу бойынша біліктілікті арттыру (2010 ж.);
- Интернационалдық даму және біліктілікті арттыруды көмектесудегі Германиялық ұйым (InWent gGmH) – «Кәсіптік білім және нарық еңбегінің қажеттілігі» бағыты бойынша біліктілікті арттыру (2009 ж.).
- Кәсіптік білімді қолдау қоры (RKK, Норвегия) – жергілікті даму бойынша Қазақстандық-норвеждік семинарға қатысу (2009ж.).