Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде Аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) және Кіші ғылыми қызметкерлер тобы (КҒҚТ) үшін грантттар бағдарламасы бойынша ғылыми- зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыруға арналған конкурс жариялайды. Бағдарламаның мақсаты технологиялық инновацияларды коммерцияландыруға қолдау көрсету болып табылады. Ғылыми және/немесе ғылымитехникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру дегеніміз пайда алу мақсатында жаңа немесе жетілдірілген тауарлар, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару арқылы зияткерлік меншік нәтижелерін қоса алғанда, ҒҒТҚН-ін іс жүзінде пайдаланумен байланысты қызмет.
Бұл Гранттық қаржыландыру жөнінде хабарландырудың мақсаты — келешегі бар технологиялар және ҮЛКЕН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТКЕ ие ғылыми-техникалық зерттеулері бар жеке тұлғаларды және ғалымдар тобын конкурсқа шақыру. Технологияның нарыққа шығу әзірлігіне, бизнес әріптесінің/инвесторының және/немесе технологияға тапсырыс берушісінің болуына басымдылық беріледі.
Халықаралық серіктестік Қазақстандағы ҒЗТКЖ-нің сапасы мен өзектілігін арттыру үшін маңызды фактор болып табылады. Сондықтан, конкурсқа гранттық бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін халықаралық топтар қатыса алады.
Іріктеуді Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі кеңес мүшелері екі сатылы іріктеу кезеңі арқылы жүргізеді. Іріктеу процесі жайлы толық ақпаратты АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықтан таба аласыз.
Гранттық бағдарламалар аясында технологияны коммерцияландыруды іске асыру мерзімі 3 (үш) жылдан аспауы тиіс. Топтың штатындағы қызметкерлер саны 7 адамнан аспауы қажет, кіші жоба басшысын қоса алғанда оның құрамының 50%-ы Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс.
Гранттың көлемі АҒҚТ үшін 230 млн. теңгеден, КҒҚТ үшін 180 млн. теңгеден аспауы тиіс. Жобаның соңғы нәтижесі сатылымға шығу, жеке меншік сектор инвестициялары және/немесе лицензиялық келісімдер жасасу арқылы 3-ші жылдың соңына қарай компанияны өзін-өзі қамтамасыз етуге жеткізу.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер 2017 жылғы 1 наурыз 9.00-ден бастап қабылданады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2017 жылғы 3 сәуірге дейін Астана уақытымен 18.00-де аяқталады. Конкурстың шарттары мен талаптары АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықта көрсетілген. Нұсқаулықты www.fpip.kz сайтының АҒҚТ және КҒҚТ үшін грантттар бөлімінен жүктеп алуға болады.
Үміткерлер АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықпен мұқият танысып, көрсетілген барлық талаптарды орындауы тиіс. Барлық өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілінде электронды түрде www.fpip.kz интернет порталы арқылы жіберілуі тиіс. Жобаларға сараптама ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, өтінімдердің ағылшын тіліндегі нұсқасы негізгі құжат болып есептелінеді. Қатысу бойынша барлық талаптарды (Хабарландырудағы, сондай ақ АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықтағы) орындау қатаң талап етіледі. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбайды.
АҒҚТ және КҒҚТ үшін грантттар бағдарламасы бойынша толық ақпаратты grants@fpip.kz электрондық мекен-жайына хат жазу немесе 8 775 303 28 13, 8 775 303 28 51, 8 771 817 34 93 байланыс телефондарына хабарласу арқылы ала аласыз, сондай-ақ инновациялық және кәсіпкерлік ҚарМТУ департаментінің, кеңсесінде. 231, телефон 56-59-35, 56-75-98 (вн. 2031).