БАЙМУЛЬДИН МУРАТ КАИРОВИЧ
техника ғылымдарының кандидаты, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің,
ақпараттық-есептеуіш жүйелер кафедрасының меңгерушісі
байланыс мәліметтері
Мекен-жайы:
Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56, бас ғимарат, 300л кабинеті,
Қызмет телефоны: 8(7212) 56-75-98, іш.2045
E-mail: baimuldinmurat@mail.ru
Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: сенбі 14:30-16:00 дейін
Өмірбаяны:
Баймульдин Мұрат Қайырұлы 1978 жылы Қарағанды политехникалық институтын үздік аяқтап, «Тау-кен инженер-құрылысшы» дәрежесін иемденді. 1986 жылы кандидаттық диссертация қорғап, 1991 жылдан бастап доцент, ал 2011 жылдан бері академиялық профессор, халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі.
170-тен астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектер, оның ішінде 2 монография, 3 оқулық, 10 оқу құралы, 40-тан астам ҚР өнертабыстар пен патенттерге авторлық куәлік авторы.
Қазақстан Республикасы көмір өндірісінің жұмысшылар кәсіби одағы Орталық комитетінің құрмет грамотасымен, Қарағанды қаласының әкімінің мақтау хатымен және ҚарМТУ-дың бес грамотасымен марапатталған.