ҚарМТУ СТУДЕНТІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ


ҚарМТУ-дың студенті Диана Сейсенбекова Біріккен Ұлттар Ұйымының 70 жылдық мерейтойына арналған «ХХІ ғасырдағы бейбітшілік символы (бейнес)» атты халықаралық бейнелеу өнері байқауында І орынға ие болды. Оның жетекшісі – ҚР құрметті сәулетшісі С.А.Лебедев

Байқау Ресейдің Томск облысына қарасты Северск қаласында өтті. Оның тақырыптары: БЕЙБІТШІЛІК, ӨМІР, МЕНІҢ ЕЛІМНІҢ МӘДЕНИЕТІ, МЕН, МЕНІҢ ОТБАСЫМ. Оны Северск қаласының көркемөнер мектебі ұйымдастырған. Мұндай байқаулар студенттердің өнерге деген құлшынысын оятып, әлемнің білім беру ұйымдарымен тығыз ғылым-білім байланысын орнатып, әріптестік аясын кеңейтуге жол ашады.

Байқауға 16 қаладан 400-ден астам жұмыстар қатысқан.

Қазылар алқасының мүшелері байқау өткен жерден де, қашықтан да дауыс берді. Бағалау барысында бірінші кезекте жұмыстардың тақырыпқа сәйкестігі мен көркемдік мазмұн-сапасына көңіл бөлінген. Нәтижесінде ақтық сайыс көрмесіне баратын жұмыстар іріктеліп алынып, жеңімпаздар белгілі болды. Диананың жұмысы терең мазмұнымен, сонылығымен және көркемдік деңгейімен ерекшеленген.

Жалпы, ҚарМТУ-дың Сәулет-құрылыс факультетінің студенттері халықаралық байқауларға тұрақты қатысып, бәсекеге қабіліттіліктерін дәлелдеп келеді.

Без рубрики