ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты 2016 жылдың 13 желтоқсаны күні 9/16КОПЖТ және 9/16 КСЭЗ топтарының студенттері «Жас Орда» студенттер кәсіподағының Ғылым және білім орталығының интеллектуалдық ойындар клубы басшылығымен интеллектуалдық шоу өткізді. Оған құрамында 3-4 студент бар 4 команда қатысты. Іс-шара барысында еліміздің тарихы және көрнекті елді-мекендері жайлы студенттердің дүниетанымын кеңейтетін қызықты әрі танымдық конкурстар өтті.
Интеллектуалдық шоу қортыныдысы бойынша:
1-орынды №3 команда иеленді ( Самат, Дәулет, Олжас атты студенттер);
2 орынды №1 команда (Асылхан, Сарвар, Ғалымжан, Алдияр студенттер);
3-орынды №4 команда (Ақжол, Аманжан, Лейла);
4-орынды к №2 оманда (Әсет, Нұрлан, Георгий, Михаил).
Жеңімпаздарға грамоталар табыс етілді.