2016 жылдың 24 қарашасында Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде Қарағанды облысының Дін істер басқармасының ұйымдастыруымен «дін және әйел» тақырыбында Халықаралық форум өтті. Форумға ҚарМТУ-дың «Көркем» қыздар клубы қатысып, «Қазақ халқының діни дәстүр аясында қазақ әйелінің алатын орны» атты тақырыпта клуб жетекшісі Серикова А.О. баяндама жасады. Аталған форумға жан-жақтан құрметті қонақтар келді, соның ішінде ерекше атап кететін, «Нұр мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Жуда Абдулғани Басюни.
«Дін және әйел» Халықаралық форумында