ҚР БжҒМ-нің «Қаржы орталығы» АҚ 2005 жылдан бастап, білім беру кредиттеріне кепілдік беру бағдарламасын дамытып келеді. Қаржы орталығының іс-шаралары қаржылай қиындықтарға байланысты оқудан шығарылуы мүмкін студенттердің білім беру қызметін төлеуге қатысты туындаған проблемаларын, сондай-ақ болашақ студенттердің білім алуын қолжетімді ету мәселелерін шешеді.
Студенттік білім беру кредиттерін абитуриенттермен қатар, Қазақстанның барлық ЖОО-нда магистратура және басқа да түрлі білім беру формасы бойынша оқып жатқан білім алушылар иелене алады.