Өткен күні: 20.10.2016ж. сағат 18:0
Өткен жері: «Серпіндестер Ордасы» жатақханасы
Мақсаты: Студенттердің білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулып тәрбиелеу. Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету. Топпен жұмыс істеуге үйрету. : Студенттерді жаңа альтернативті, творчестволық, ерекше идеялар құруға, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, өз ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу.
Құрылғылар: компьютер, интерактивті тақта, проектор, мультимедиялық колонкалар.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, тақырып бойынша сұрақтар, презентация.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Қатысушылар: «Серпіндестер Ордасы» жатақханасының 1 курс студенттері
Ойын барысы:
- Амандасу. (2мин)
Аға куратор Жаксыбаева С.Р. студенттерге Ақпараттық-коммуникациялық технология пәні бойынша «Білгірлер» сайысы түрінде өтетін және сол пәнге байланысты сұрақтар қойылатыны жайлы айтып өтті.
- Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші(СТ-16-1тобының студенті Төлеуова Айзат):
Құрметті ұстаздар, қонақтар және студенттер, сіздерді «Білгірлер сайысы» интеллектуалды ойынымызды тамашалауға шақырамыз. Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 15 оқушы қатысады. Ойын 3 айналымнан тұрады.
1.Кім жылдам?
2.Кім алғыр?
3.Сиқырлы ұяшықтар
Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын, әр оқушы өзін таныстырып кетсін.Топтық жұмыс болуы тиіс.