2016 жылдың 18 қарашасы күні Қарғанды техникалық университеті базасында (ұйымдастырушылар — Көптілді білім беру инновациялық орталығы мен орыс және шет тілдері кафедрасы) ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына байланысты Жастар жобаларының аймақтық студенттік форумы өтеді.
Қатысу түрі – жеке өзі қатысуы міндетті.
Форум қатысушыларының категориясы:
ЖОО-ның студенттері және магистранттары.
Қазіргі таңда орта мектептен бастап, ЖОО-на дейінгі білім беру процесіне көптілділік жүйесін енгізу бірнеше тілді еркін меңгерген көптілді және бәсекеге қабілетті, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын жан-жақты білмді тұлға дайындауға бағытталады. Бұл студенттік форум әр жастың жеке шығармашылығын дамытуға ықпал етіп, көптілді меңгерген тұлға қалыптастыруда ақпараттық алаң қызметін атқармақ. Форум аясында жастардың тілдік құзіреттілігін арттыруға, көшбасшылық қабілеттерін ашуға басты назар аударылады. Бұл мақсатта TED – жобаларын (Technology Entertainment Design; Технологии, развлечения, дизайн) қорғау жүргізіледі.
Жоба тақырыбын қатысушы өзі таңдайды.
Мәтіндік материалды әртүрлі формада ұсынуға болады: ой-тұжырым, өлең және ән түрінде және т.с.с.
Қолданылатын тілі: қазақ, орыс, ағылшын.