2016 жылдың 12-13 мамыр күндері орыс тілі және шет тілдер кафедрасында патриоттық сезімді,Отан сүйгіштікті дамыту, қоғамның ақпараттық мәдениететін арттыру,ой өрісті кеңейту, эстетикалық талғамын және алға қойған мақсатты шешу үшін шығамашылық көзқарасты дамыту мақсатында бейнероликтер байқауы өтті.
Байқауға кафедра оқытушылар мен студенттер қатысты.Әрбір қатысушының бір,екі бейнеролик қоюға мүмкіндігі болды.Байқауға қолда бар кез келген жолмен түсірілген, байқау тақырыбына сай бейнероликтер берілді.
Бейнероликтер клесі жолмен бағаланды:
1. Бейнероликтің максималды ұзақтығы – 5-7 минут.
2. Бейнероликтың тақырыпқа сай болуы.
3. Дыбыс мен бейне әсерлердің болуы.
4. Сурет пен дыбыс сапасы.
5. Шығармашылық жаңалығы.
6. Бейнероликтің ерекшелігі.
Байқау жеңімпаздары:
Орыс тілі бөлімі:
1-ші орын — аға оқытушы Ақыжанова А.А., ГПР-15-1 тобы («СӨС»);
2-ші орын — аға оқытушы Тимохина Т.В., МЕТ-15-1п тобы («СӨС»);
3-ші орын — аға оқытушы Касенова Н.А., С-14-1 тобы («Қазіргі заманғы жастардың мәселесі»)
Шет тілдер бөлімі:
1-ші орын – оқытушы Магауина Г.М., РЭТ-15-2 тобы («Қазақ халқының салт-дәстүрлері»);
2-ші орын – оқытушы Изотова А.С., УиА-15-2 тобы («СӨС»);
3-ші орын – оқытушы Тулегенова М.Т., АРХ-15-1 тобы («Киім сататын дүкенде»).
Мынадай топтарының жұмысы ерекше аталып өтті: оқытушы Назарова М.Г. ЭЭ-15-2п. тобы, оқытушы Касенова Н.А., КО-13-1 тобы, оқытушы Свич Н.А., ХТОВ-14-2 тобы, оқытушы Алкен С.Х.-ның тобы,оқытушы Жднова Э.А.,БТ-14-3 тобы.
03.05.16 сағат 17:00-де АРХ-13-2 тобында «Қазақ Республикасының отбасы және неке қатынастарын реттеу бойынша Заңнамасы» тақырыбында кураторлық сағат мастер — классы өткізілді. Кураторлық сағат мастер — классын Ожәне ШТ кафедрасының оқытушысы Назарова М.Г. өткізді.
Кураторлық сағаттың мақсаты: өмірлік жағдайларды саралау және дұрыс қорытынды жасау; отбасыдағы ер мен әйел адамның рөлін білу, өзіне осы рөлдерді қолдану; «Отбасы», «Неке» ұғымдарына қатысты құнды қарым — қатынас орнату, сонымен қатар студенттерді отбасы және неке қатынастарында құқықтық негіздермен таныстыру, некеге тұру мен бұзылуының, ерлі — зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің, отбасыдағы ата — ана мен балалардың реті мен шартын ашып көрсету. Мастер — классқа кафедраның аға оқытушысы, СҚФ ТЖ бойынша декан орынбасары Тунгушбаева Б.К., Ожәне ШТ кафедрасы оқытушылары, құрамында 9 адамы бар АРХ-13-2 тобының студенттері қатысты. Кураторлық сағаттың эпиграфына көрнекті жаңашыл совет педагогі — Василий Александрович Сухомлинскийдің мына қанатты сөзі арқау болды: «Отбасы — бұл адам жақсылық жасауға үйенуге тиіс алғашқы орта». Кураторлық сағат барысында куратор Назарова М.Г. «Миға шабуыл» психологиялық тренингін қолданды, онда студенттер «Отбасы» және «Неке» ұғымдары туралы ойларын айту қажет болды. Тақырыпты талқылау барысында студенттер отбасының әлеуметтік рөлі мен отбасы құрудың мотивтерін айқындады. Әрі қарай студенттер ҚР отбасы және неке қатынастарын реттеу бойынша Заңнамасының негізгі бөлімдерімен танысты. Кураторлық сағатта әлеуметтік ролик ұсынылды, көріп болған соң студенттер роликтегі жағдайды «ҚР отбасы және неке қатынастарын реттеу бойынша Заңнамасына» сүйене отырып талқылады. Кейін, куратор республикадағы некеге тұру мен ажырасудың статистикалық мәліметтерімен таныстырды.
Әсіресе студенттер интерактивті тақтада «Туысқандар» шаршысы бейнеленген шығармашылық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады, студенттер сөздерді тігінен, көлденеңінен, қиғашынан оқып шаршыда жасырынған 18 туысты табуы қажет болды.
Рефлекс ретінде отбасы жайлы астарлы әңгіме оқу және талқылау болды, сонымен қатар студенттерге адами қарым — қатынастар туралы жазған Америкалық маман ерлі — зайыптылар өздеріне бақытты отбасылық өмірді қамтамасыз ете алатын «Қалай алаңдауды қойып өмір сүруді бастауға болады» атты кітаптың авторы Д. Карнидің 7 ережесін өз сөзімен толықтыру тапсырмасы берілді.
Кураторлық сағат жоғары деңгейде өткізілді, студенттердің тақырыпқа қызығушылығы байқалды, өз ойларын белсенді айта білді. Кураторлық сағатты қорытындылай келе топ кураторы студенттер мен барлық мастер — классқа қатысушыларды «Отбасылық бақыттың құрамымен» таныстырды.
2016 жылдың 20-шы сәуір күні орыс тілі және шет тілдер кафедрасының оқытушысы Алдыназарова Р.М. және 1,2 курс студенттер арасында,жоғары оқу орындары оқытушылары мен колледж және мектеп мұғалімдері үшін Халықаралық семинар аясында мынадай мәселер бойынша:терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл біздің және шет елдердің құқықтық сараптама – халықаралық мәселері және Қ.Р.-да көптілді білім беруді іске асыру, адамгершілік білім беру сұрақтары бойынша пікірталас алаңын өткізді.Басты мақсаты: эстетикалық — мәдени тәрбиені дамуы, діни экстремизмнің алдын алу, студенттердің діни сауаттылығын арттыру.
Іс-шара пікірталас форматында өтті, онда студенттер презентацияларын көрсетіп,бір-біріне қызықтырған сұрақтарын қойды.
Алаң қонақтары Қазақстанның басқа аймақтарынан семинарға келген оқытушылар мен кафедра оқытушылары болды.
17.03.2016ж. 17.00 сағ. «Наурыз –мейрамы» атты мерекелік іс -шара РиИЯ кафедра мұғалімдеріне ұйымдастырылды,оған «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын 1-ші курс студенттері қатысты.Өткізілген іс-шараға РиИЯ кафедрасының мұғалімдері Тунгушбаева Б.К және Назарова М.Г жауапты болды. Осы іс-шараның мақсаты:әр ұлтты адамдарды жақындастыру,Қазақстан халқының ұлттық салт-дәстүрлерін білуде қатысушылардың қызығушылығын дамыту,Отанға сүйіспеншілік таныту.
Бәріндеде мерекелік көңіл-күй сезілді:бәрінен де бұрын,аудиторияны ұлттық нақышта безендіру болды.Дастархан ұлттық тағамдармен жайылды:наурыз –көже,бауырсақ,құймақ,күріш және де әр түрлі тағамдар. Мерекенің қонақтары қазақ халқының тұрмысы мен дәстүрлері айқын көрінетін салт-дәстүрлерді және қойылымдардың бірнеше көріністерін көрді.Мемлекеттік және орыс тілдерінде тақпақтар және өлеңдер естілді,ФИЭМ-15-2тобының қыздары «Камажай» қазақ биін орындады.Біздің халқымыздың салт-дәстүрлері бойынша презентация көрсетілді.
2016 жылдың 19 ақпан күні ҚарМТУ-дың Орыс тілі және шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруы бойынша «Салауатты өмір салты» атты факультет аралық тілдік семинар өтті. Семинарға «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген 1 курс студенттері қатысты. «Intellectual» үйірмесін ұйымдастыру үшін жауапты оқытушылар ретінде Тишмағанбетова Б.С. және Мағауина Г.М. тағайындалды.
Аталмыш мерекені кафедра оқытушылары Изотова А.С. және Сағадиева К.К. жүргізді. Аталмыш мерекеде Тау-кен факультетінен және машина жасау факультетінен 50 студент қатысты, сонымен қатар мереке қонақтары ретінде ҚарМТУ-дың «Серпін-2050» орталығының меңгерушісі Жетпісбай Ш.А., Орыс және ШТ кафедрасының аға оқытушысы Жумабекова А.Е. және Орыс және ШТ кафедрасының оқытушысы Абжамалова Н.Д. шақырылды.
Дөңгелек үстел толығымен ағылшын тілінде өтті.
Аталмыш мерекені ҚР-ның әнұранынан бастады, содан кейін студенттерге слайд-презентация көрсете отырып, «Салауатты өмір салты» атты мерекені өткізудің маңыздылығы жайында мәлімет берілді.
ҚР-ның президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөздерін дәйектей отырып, президент «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген студенттерге үлкен үміт артатындығы жайында айтылды. Сонымен қатар, ұлт басшысы салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы қаншалықты зор екендігі жайында айтқандығы мәлімденді.
Студенттерге «Пайдалы тамақтану мен зияны тағамдар» тақырыбында әртүрлі тапсырмалар берілген болатын. Студенттер берілген барлық тапсырмаларды дер кезінде орындап, барлығы бірдей ат салыса қатысты. Студенттерге оларды терең ойға батыратындай әртүрлі сұрақтар дайындалып, қойылды. Ойлануға 1 минуттан артық уақыт берілген жоқ. Студенттер өз білгендері, оқыған, тоқығандары бойынша жауап беруге тырысты. Студенттер «Салауатты өмір салтын ұстануға берілетін кеңестер» атты бейнежазбаны көру кезінде ерекше қызығушылқ танытты.
«Қара жорға» биін билеп, қызықты презентация дайындаған Айдар Айгерим, Амангелдиева Улмекен, Аскар Нурбике, Әбдиева Ақбота, Жетербай Нурсулу, Мейманова Ботагоз ОПИ-15-1 тобының студенттерін ерекше атап өткен жөн. Сонымен қатар, Тілеубай Әсем, Корганбаева Лаура, Мәкежанова Марта, Кубигулова Альбина МВ-15-1 тобының студенттері де «Пайдалы тамақтану мен зияны тағамдар» тақырыбында жақсы презентация дайындаған. Үш топ студенттері де «Салауатты өмір салты» тақырыбында постерлар салып, оларды ағылшын тілінде қорғады. Аталмыш мерекеге студенттердің барлығы бірдей белсене қатысты.
Мереке соңында жүргізушілер мен мереке қонақтары студенттерді аталмыш мерекеге белсене араласқандары үшін алғыс айтып, оларға шағын сыйлық ретінде кеңсе тауарлары мен алғыс хаттар ұсынды.
ҚарМТУ-дың «Серпін-2050» орталығының басшысы Жетпісбай Ш.А., Орыс және ШТ кафедрасының аға оқытушысы Жумабекова А.Е. мұндай дөңгелек үстелді өткізіп тұру студенттерге ағылшын тілінен білімдерін бекітуге, неғұрлым талантты, білімді студенттерге ашылуға көп септігін тигізетіндігі жайында айтты.
Мереке соңында екі топ студенттері де сертификаттармен марапатталды.
2016 жылдың 12 ақпанында ОТжМ кафедрасында факультеттер арасында «Серпін » бағдарламасы бойынша 1-ші курстың студенттерінің қатысуымен «Язык мой-друг мой» атты брейн-ринг түрінде лингвистикалық ойын өткізілді. Ойынның ұйымдастырушылары «Интеллектуал» үйірмесіне жауаптылар:Тусупбеков А.С. және Кабанова А.Б
Оқу-тәрбиелік шараның мақсаты: студенттердің бар білімдерін жандандыру, командада жұмыс істеу, реакциялардың жылдамдығын, серіктестіктер сезімін және логикалық ойлауды дамыту.
Қазылар алқасының құрамына: ҚарМТУ-дың «Серпін-2050» орталығының жетекшісі – Жетписбай Ш.А., ҚарМТУ-дың « Жас Орда » студенттердің кәсіподақ төрағасының көмекшісі — Мурадов А., ОТжМ кафедрасының доценті Чуйкина Л.А., және оқытушы Тажибаева С.М. кірді.
Брейн-ринг ойынына бес факультеттің студенттері қатысты, олар: ГФ, МФ, АСФ, ФАЭТ, ТДФ. Әрбір командада алты қатысушыдан болды. Брейн-рингке қатысушылардың білім деңгейін тексеретін, тапқырлықты, логикалық ойлауды және шығармашылықты талап ететін қарапайым және күрделі сұрақтар теріп алынған еді .
Барлық командалар белсенділік пен тапқырлықтарын көрсетті. Брейн-ринг жай ойын ғана емес, танымдық мағынаны білдірді . Жанкүйерлер белсенділік көрсетті.
Ойын барысында қатысушылар арасында достық және ашық қарым-қатынас атмосферасы орнады. Қатысушылар ұжым бірлігін, тапқырлықты, өзара көмек көрсетуді айқындады.
Ойын барысында әрбір өзі үшін көптеген нәрселерді білді,іс-шара танымдық сипат алды.
Ойынның жеңімпаздары келесі командалар болды :
1 орын – Тау — кен факультеті
2 орын— Машина жасау факультеті
3 орын – Сәулет-құрылыс факультеті.
2015 жылдың 17 қараша күні кафедра оқытушылары Тусупбекова А.С. және Тунгушбаева Б.К. Халықаралық студенттер күніне арнап «Студент болу оңай ма?» атты пікірталасын ұйымдастырды. Пікірталаста БЖД-15-2 және ЭЭ-15-1 топтарының студенттері қатысты.
Студенттер өздерінің студенттік өмірінің алғашқы әсерлерімен, универститеттегі алғашқы оқу күндеріндегі қиыншылықтарымен бөлісті: жаңа ортаға бейімделу,өзге қалалардан келген студенттер үшін қиындық:кешкі ас дайындау,азық-түлік сатып алу,таныс емес қаламен жүру және т.б. Бірақ оң әсерлер көп болды: жаңа достар,қызықты пәндер, жаңа мұғалімдер,жаңа білім.Ең бастысы-барлық бірінші курс студенттері өздерін жауапты және есейгендерін сезінді.
Пікірталастың қорытындысы бойынша,барлық қатысушылар студенттік өмір студенттердің өзіне байланысты:өз уақытын дұрыс қолдану,алға ұмтылу және жаңа білім алу ,сонымен қатар, студент болу бүгінгі таңда қиын әрі оңай,бірақ өте қызықты деген пікірге келді.
_________________________________________
Қазақтың патриоттылығын тәрбиелеуде және елбасының «Қазақстан 2050» жолдауын қарау мақсатында ОТжМ кафедра оқытушылары Кабанбаева А.Б., Казаков А.Н. және ОП-15-1, АРХ-15-1 топтарының студенттерімен «Қазақ жастарының және ұлттың жоспарын іске асыру рөлі- «100 нақты қадам Қазақстан Республикасының стратегиялық бағытын жүзеге асыру» тақырынбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
___________________________________________
23 қазан 2015 жылы сағ.10.00-де күзгі экологиялық айлық аясында Қар.МТУ-нің 100-ден астам студенттері мен профессорлық — оқытушылар құрамы, оның ішінде орыс тілі және мәдениет кафедрасы да жалпы қалалық сенбілікке белсене қатысты. Студенттер мен әріптестер № 6 корпус аймағын қоқыстан және қардан тазартты.
______________________________________________
22.09.2015ж.сағ.15.00 ҚарМТУ-дың «Жастар Әлемі» сарайында Қазақстан халқының Тілдер күнін тойлау аясында 1 курс студенттер арасында «Біз – Қазақстан халқы» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шараның басты мақсаты — студенттерді мемлекеттік тілді жетік білуге дағдыландыру және қызығушылықтарын арттыру, мәдени мұраны зерттеу арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру.Мереке ҚР Әнұранын орындалуымен басталды.
Концерттік бағдарламаны студенттер мен академиялық топтар курарторлары, пән оқытушылары бірге тамашалады. Соның ішінде өз өнерлерімен ерекше көзге түскендер-БТ-15-3 топ студенттері Нурмаганбетова Айтолкын, Сагинбекова Марал, Халимарденова Асель, Аскарова Асия, Мадина Такешева және ФИЭМ-15-3 топ студенттері Толеухан Темирлан және Шохан Актолкын. ФИЭМ-15-2 топ студенттері «Біз – Қазақстан халқы» тақырыбында фотогазет шығарды.
______________________________________________
22.09.2015ж.сағ.15.00 ҚарМТУ-дың «Жастар Әлемі» сарайында Қазақстан халқының Тілдер күнін тойлау аясында 1 курс студенттер арасында «Біз – Қазақстан халқы» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шараның басты мақсаты- студенттерді мемлекеттік тілді жетік білуге дағдыландыру және қызығушылықтарын арттыру, мәдени мұраны зерттеу арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру.Мереке ҚР Әнұранын орындалуымен басталды.
Концерттік бағдарламаны студенттер мен академиялық топтар курарторлары, пән оқытушылары бірге тамашалады.Соның ішінде өз өнерлерімен ерекше көзге түскендер-БТ-15-3 топ студенттері Нурмаганбетова Айтолкын, Сагинбекова Марал, Халимарденова Асель, Аскарова Асия, Мадина Такешева және ФИЭМ-15-3 топ студенттері Толеухан Темирлан және Шохан Актолкын. ФИЭМ-15-2 топ студенттері «Біз – Қазақстан халқы» тақырыбында фотогазет шығарды.
Іс-шараның ұйымдастырушылары — орыс тілі және мәдениет кафедрасы мен қазақ тілі және мәдениет кафедрасы.