«Ұстазым»


2016 жылдың 1 қазанында ҚарМТУ-дың №1 жатақханасында тұратын «Серпін-2050» бағдарламасы студенттерінің және студенттер Кеңесінің ұйымдастырумен «Ұстазым» атты мерекелік іс шара өтті. Іс шара барысында студенттер ұстаздар қауымын құттықтап, жылы лебіздерін арнады. Арнайы дайындаған арнау өлеңдерін оқып, домбырамен күй шертті. Ұстаздар қауымына арнайы дайындаған бейнероликтерін тамашалады. БЖД-15-1 тобының студенті Нақыпбай Саят «Мама» әнін орындаса, ТТ-15-1 тобының студенті Тасходжаев Дархан «Помолимся за родителей» әсем әуенімен таңқалдырды. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті деуге болады.

Без рубрики