«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқуға түскен студенттермен кездесу (1-2 курс)


2016 жылдың 6-7 қыркүйегінде «Жастар Әлемі» студер сарайында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқуға түскен студенттермен кездесу өтті. Кездесуде ТІ жөніндегі проректор, Алпысбаева Н.А., ҚарМТУ-дың Ақсақалдар Кеңесінің мүшелері, «Серпін-2050» оқу орталығының жетекшісі, Жетпісбай Ш.А., топ кураторлары, жатақхана меңгерушілері, Ильясова М.А., Жунусбекова Г.С.,  «Серпін-2050» оқук орталығының әдіскері, Серикова А.О., студенттер Кеңесінің мүшелері болды. Кездесу барысында «Серпін-2050» оқу орталығының жетекшісі, Жетпісбай Ш.А. аталған бағдарлама бойынша 2015-2016 о.ж. 6 факультетте, 14 мамандық бойынша 307 студент білім алып жатқанын және 2016-2017 о.ж. 6 факультетке, 17 мамандық бойынша білім алушы қабылданғанын айтты. Студенттер кураторларымен танысты. Университеттің және жатақхананың ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды. Жатақхана ішіндегі тәртіп қатаң түрде сақталуын ескертті. Жатақхана ішіндегі тәртіп бұзылған жағдайда, студентке ескерту жасалады. Егер екінші ескерту алған жағдайда 1000-5000 теңге көлемінде айыппұл төленетіні айтылды. Ескертулер мүлде ескерілмеген жағдайда айыппұлды төлеу тікелей ата-анасына жүктелетінін және үш ескерту алған студент жатақханадан шығарылатыны айтылды. «Серпіндестер Ордасы» жатақхана меңгерушісі Гүлзифа Сафуановна, ҚарМТУ-дың №1 жатақхана меңгерушісі Илиясова М.А. жатақхананың ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды. Жатақхана ішіндегі мүлікке  дұрыс қарау керектігін, бөлме ішіндегі тоқ ауырғыштарына тек ұялы телефондарды салуға рұқсат екенін айтты. Электр шәйнектерді, басқа да тоқ көздерін арнайы ас дайындайтын бөлмеге апарып, қосу қажеттігін ескертті. 5 айға жатақхананың төлемақысын төлеп, чектің көшірмесін тапсыру қажеттігін естеріне салды.

Ақсақалдар Кеңесі төрағасы К.Б.Тоғайбаев Ақсақалдар Кеңесі мүшелерімен таныстырды. Университетімізден шыққан әйгілі тұлғаларды айтып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев оқыған білім ордасында білім алу бұл кез келгеннің қолынан келе бермейтінін атап өтті. Студенттердің ең бірінші мақсаты сапалы білім алу екенін ескертті.

Без рубрики