«Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ ҚР Инвестиция және даму министрлігінің қолдауы бойынша жыл сайынғы Ұлттық жаңашылдықтар жарысын өткізеді.
Жарыстың негізгі мақсаты- халықтың инновациялық белсенділігін ынталандыру және инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау.
Жарыс келесі номинаияларда ұсынылады:
– «Студенттердің ең үздік инновациялық жобасы»;
– «Үздік бизнес-періште».
Келесі қосымша номинацияларда көрініс табатын инновациялардың әр түрлі түрлеріндегі ең үздік инновациялық жобалар анықталады:
– «Үздік үдерістік жаңашылдық»;
– «Үздік ұйымдастырушылық жаңашылдық».
Жарыстың жалпы ақшалай бәйгелі қоры 6 000 000 теңгені құрайды.
«Орта мектеп білім алушылары арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясындағы жеңімпаздар білім алу туры бойынша Ұлыбританияға баруға мүмкіндік алады;
«Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясында (2- 3 оындар) жеңімпаздар мен жүлдегерлер 1 000 000, 500 000 және 200 000 теңгеге ие болады;
«Үздік өнертапқыштық ұсыныс» номинациясында (2- 3 оындар) жеңімпаздар мен жүлдегерлер 1 000 000, 500 000 және 300 000 теңгеге ие болады;
Жаңашылдықтар түрі бойынша 5 номинацияда жеңімпаз болғандардың әрқайсысы 500 000 теңгеге ие болады.
Жарыстың әр түрлі санаттағы қатысушыларына қосымшасыйлықтар қарастырылған.
Өтініштер қабылдау 2016 ж. 25 шілдесіне дейін.
Толық ақпарат Ғылым департаментінде (бас ғимарат, 226 б., тел. 56-68-22, ішкі 2226)