Қазақстандық университеттердің 30- ға жуық деканы, деканның орынбасарлары мен бөлім жетекшілері басқару технологиялары мен олардың соңғы 50 жылдағы Корея мемлекеті экономикасының жылдам дамуындағы рөлін зерттеу мақсатында Корей еліндегі ең көне бизнесс мектебі – KAIST бизнесс- колледжіне іс-сапармен барды.
Сәрсенбі күні күндіз, 27 қазақстандық оқытушы KAIST колледжінің сыртқы байланыс бойынша деканының орынбасары Ким Енг- гулдың дәрісін тыңдады. Бұл жолы оқытушылар студенттерден де ынталырақ болды.
Қазақстандық оқытушылар Корей мемлекетіне 5 күндік «Қазақстанның жоғарғы оқу орын жетекшілеріне арналған кәсіби даму бағдарламасы 2016» бойынша келді.
Бағдарлама мақсаты- коммунисттік бюрократия әлі де билік құрып жатқан Қазақстандық жоғарғы оқу орындарға тәуелсіз және заманауи болуға мүмкіндік беру,- дейді жоғарғы білім беру жетекшілігі Қорының халықаралық кеңесшісі, іс-сапарды жоспарлауға ат салысқан Дэвид Лок,өзінің корейлік JoongAng Daily-ге сәрсенбі күні берген сұхбатында.
Бағдарламаның жұмыс істей бастағанына 3 жыл және қазақстандық оқытушылардың алғашқы тобы Құрама штаттарда, біріккен корольдікте, Сингапур және Жапонияда болды. Биылғы жылы топ Корея, Гонконг, Алмания және Нидерландыға барады.
«Олардың университтерінде қазақстандық әріптестерге қалай жұмыс істеу және сәтті идеяларды қалыптастыру керектігі туралы ақпарат беретін табысты жүйелері бар екендігі жалпы фактор болып табылады,» — дейді Лок.
«Соңғы 50 жыл ішінде Корея жылдам ілгері басты, және KAIST университеті аталмыш алға басуды жүзеге асыруда ұлттық ынтаны өзіне алды.»
Көптеген оқытушылар Корей мемлекетіне алғыс білдірді.
«Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды, және де Корей елі келісімге және меморандумға қол қойған алғашқы мемлекеттердің бірі болды,»- Алмасбек Абсадыков, Қостанай мемлекеттік техникалық университетінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры. «Қазақстанда корей халқының диаспорасы бар, және де біз олардың мәдениеті мен ұлттық тағамдарын жақсы білеміз.»
«Мен кәсіпкерлік мектебінің рухына сүйсінемін»,- дейді Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Ақпараттық және телебайланыстық технологиялар институтының директоры Бауыржан Ахметов. «Екіншіден, профессорлық- оқытушылық құрамның жоғарғы біліктілігімен; үшіншіден, студенттердің алғырттылығымен; төртіншіден, мектептердің тәуелсіздігімен сүйсінемін. Қазақстанда шешімдер жоғары жақтан қабылданады.»
KAIST бизнесс мектебіне «Қазақстанның жоғарғы оқу орын жетекшілеріне арналған кәсіби даму бағдарламасы 2016» бойынша келген қазақстандық декандар, проректорлар мен бөлім басшылары Тондэмун дистрикт бизнес мектебінде, орталық Сеул, дәріс тыңдап отыр.KAIST бизнесс мектебін Кореяда, жалпы әлемде басқаларынан не ажыратады деген сұраққа Ким еш кідірместен: «Мектептің шекаралық рухы»-деп жауап берді.
«Мектеп тек 20 жыл бұрын құрылды. Бұл штаттардың бизнес мектептеріне қарағанда өте аз мерзім болып табылады,»- дейді Ким. “Бірақ біз бизнестік емес мектептер білім беруді MBA әлеуметтік кәсіпкерлік және MBA жасыл өсу ретінде көрсететін оқу бағдарламаларын жасадық.»
Авторы Шин Су Ен