«Жоғарғы білімді қайта құру сарапшылары мен жоғарғы оқу орын қызметкерлерін АБТ білім беру үдерісінде қолдануға үйрету» халықаралық семинарының жұмысы нәтижесінде ҚР БҒМ ұйымдастырушылық және Erasmus+ еуропалық бағдарламасының қазақстандық кеңсесінің, сонымен қатар SPHERE- жоғарғы білімді қайта құру ұйымының қаржылай қолдауымен ҚР ЖОО қызметкерлері мен оқытушылары үшін көпшілікке арналған ашық онлайн курстарын (КАОК) құру туралы шешім қабылданды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КАОК құру және жүзеге асыру бойынша тәжірибесі бар болғандықтан, біз 2016 ж 20-30маусымда болатын және екі бөлімнен тұратын «Көпшілікке арналған ашық онлайн курстар құру» біліктілікті арттыру курсын жасадық:
20-22 маусым аралығында күндізгі формада дәрістер, шеберлік- сағаттары, пікірталастар және топтық жұмыстар түрінде өтеді;
23-30 маусым- курстың барлық материалдары мен тапсырмалары орналастырылатын білім беруді басқару жүйесінде арақашықтықтан өтеді.
Кус аяқталғаннан соң тапсырмалады орындаған барлық тыңдаушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар беріледі.
Курс бағдарламасын және сипаттамасын, сонымен қатар курсқа қатысу өтінішінің үлгісін жүктеу. Өтініш беру мерзімі -2016 ж. 5 маусым.
Қатысу құны- бір қатысушыға 45 мың теңге.
Қатысу ақысына қатысудан бөлек таратылатын материалдар, кофе- үзілістер және тамақтану (түскі астар) кіреді.