«Әлихан Бөкейханов- азаттыққа дейінгі ұзақ жол» Республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясы


Алихан-Букейханов25 сәуір 2016 ж. ҚарМТУ-дың бас ғимаратында «Әлихан Бөкейханов- азаттыққа дейінгі ұзақ жол» Республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция көрнекті қоғам қайраткері, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов  150 жылдық мерейтойына арналған.

Конференцияға қатысқандар: ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиев, т.ғ.к., доцент, тәрбие жұмысы бойынша проректор-  Алпысбаева Назым Амангазиевна, PhD докторы, Л.Н. Гумилева ат. ЕҰУ «Алаш» ҒЗИ директоры- Аққұлы Сұлтан Хан,  т.ғ.к., доцент, Е.А.Букетов ат. ҚарМУ «Тұлғатану» ғылыми- зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, тарих факультетінің деканы- Смагулова Гульнара Муратбековна, т.ғ.к., Е.А.Букетов ат. ҚарМУ «Тұлғатану» ғылыми- зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері — Шотбакова Ляззат Касымовна, Е.А.Букетов ат. ҚарМУ «Тұлғатану» ғылыми- зерттеу орталығының ғылыми қызметкері — Жұмағұл Айтбай Ботпаевич, т.ғ.к., ҚарМТУ тарих кафедрасының доценті — Касимова Сауле Суюндыковна, ҚарМТУ әлеуметтік- гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы- Тусупбеков Жаркын Амантаевич, «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор, ҚарМТУ ақсақалдар кеңесінің мүшесі- Ахметжанов Бура Ахметжанович, техника ғылымдарының кандидаты, ҚарМТУ ақсақалдар кеңесінің мүшесі- Интыков Токмирза Смагулович, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, корреспондент- мүше, Еуразияның Халықаралық Экономикалық академиясының академигі, ҚарМТУ ақсақалдар кеңесінің төрағасы- Тогайбаев Каден Бариевич, т.ғ.к., ЭЖ кафедрасының пофессоры, ҚарМТУ ақсақалдар кеңесінің мүшесі- Кызыров Кайрулла Бейсенбаевич, техника ғылымдарының докторы,проф.  А.Н. Данияров ат.  «Өндірістік көлік» кафедрасының профессоры- Малыбаев Сакен Кадыркенович, ҚарМТУ профессорлық- оқытушылық құрамы және студенттері.

Конференцияны ашу барысында, А.М.Ғазалиев «Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған Алихан Бөкейханов ұлттық бірігу идеясын алға тартқандығын» атап өтті. Өз заманында «Алаш» жетекшілері демократиялық, құқықтық мемлекет қағидаларын насихаттаған. «Алаш» идеялары еліміздегі түбегейлі өзгерістерге қарамастан әлі күнге дейін өзекті болып келеді.

Бүгінгі күні Қарағанды мемлекеттік университеті ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов  150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өткізу құрметіне ие болды.

Конференция қатысушыларына сәттілік тілеп, ҚарМТУ ректоры Арстан Мауленұлы ҚарМТУ саясаты жастарды патриоттық рухта және Отанын сүюге тәрбиелеу екендігін айтты.

Пленарлық отырыста конференция қатысушылары баяндамаларымен сөз сөйледі:

  1. Л.Н. Гумилева ат. ЕҰУ «Алаш» ҒЗИ директоры «Алаш идеясы: отаршыл Ресейден тәуелсіз Қазақстанға дейін».
  2. Шотбакова Л.К., Е.А.Букетов ат. ҚарМУ «Тұлғатану» ғылыми- зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері «Вопросы просветительства в деятельности лидеров».
  3. Жұмағұл А.Б., Е.А.Букетов ат. ҚарМУ «Тұлғатану» ғылыми- зерттеу орталығының ғылыми қызметкері «Алаш арыстары және рухани дүние».
  4. Касимова С.С., т.ғ.к., ҚарМТУ тарих кафедрасының доценті «Тәуелсіздік және Алаш мұрасы».
  5. Тусупбеков Ж.А., ҚарМТУ әлеуметтік- гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы «Абай және Әлихан».
  6. Мырзабекова А., ОПИ-15-1 тобының студенті «Оян қазақ!» М. Дулатов.
  7. Қасымбеков А., БЖД-14-1 тобының студенті «Әлихан Бөкейханов – Алаштың мақтанышы, арнамысы»
  8. Бейсембеков С., ОП-15-2 тобының студенті Әлихан Бөкейхановқа Арнау.
  9. Ідіріс Ж., ЭЭ-15-1 тобының студенті «Жасасын Алаш, Жасасын!» С. Торайгыров.

Қортындылай келе, конференция қатысушыларының баяндамалары «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының таралуына бағытталғанын айтуға болады.  Конференция шеңберінде қозғалыс жетекшілерінің ел тәуелсіздігін алуға қосқан үлестері аталып өтілді. Ғалымдардың айтуы бойынша Президент ұсынған «Мәңгілік ел» «Алаштың» негізгі идеясымен ұйқасты.

Ә. Бөкейханов қазақ халқының бостандығы үшін патшалық Ресей заманында да, совет одағы кезінде де күресті. Ол үш рет сотталған және 1937жылы ату жазасына кесілген. Тек жаты ғасыр өткен соң қылмыс құрамының болмауы себебінен ақталды.

Ә. Бөкейхановтың үздік идеялары Еуропа мен Азияда жоғары бағаға ие болды. Оның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның қолдаумен өтеді. Конференция барысында «Алаш» қозғалысытуралы деректі фильм көрсетілді және Ә.Бөкейханов туралы кітаптың тұсаукесері өтті.

Без рубрики