2016 ж. 14 сәуір сағ 10:00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жиын залында ««Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асырудағы жастар ғылымының үлесі» Республикалық студенттік ғылыми конференцияның пленарлық отырысының ашылуы болады.
Студентік конференция жыл сайын өткізіледі. Оған тек ҚарМТу студенттері мен магистранттары ғана емес, сонымен қатар басқа да Қазақстанның ЖОО білім алушылары қатысады. Келесі тақырыптардағы баяндамалар тыңдалады: «Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру арқылы жастардың жаңа қазақстандық париотизмді түсінулері»; «ҚР дамуындағы жастардың рөлі» және т.б.
Конференция техниканың, ақпараттық технологиялардың, экономиканың, гуманитарлық ғылымдардың және кәсіби білім берудің дамуымен байланысты мәселелерді кеңінен қамтиды. Оның шеңберінде 13 бөлім жұмыс істейді:
Энергия тиімділігі және энергия үнемдеу
Заманауи ақпараттық технологиялар
Тау-кен ісі
Металлургия және материалтану
Автоматтандыру және басқару
Машинажасау
Көлік
Құрылыс және сәулет
Инженерлік экономика және менеджмент
Химия-биологиялық ғылымдар
Жаратылыстану ғылымдары
Саясат. Тарих. Әлеуметтану
Кәсіби білім беру
««Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асырудағы жастар ғылымының үлесі» Республикалық студенттік ғылыми конференцияның негізгі мақсаты- ғылыми жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелерді талқылау.
Конференцияға Қазақстан мен Ресей ЖОО-ның студенттері мен магистранттарынан 564 баяндама түсті.
Студенттік форум ғылыми зерттеулердің, сонымен қатар оқу үдерісінің нәтижелі болуына оң шабыт береді.