2016 жылы 11 наурыз ҚарМТУ-дың инженерлік педагогика орталығы 2016- 2020 ж.ж.мерзіміне Internationale Gesellschaft für Ingenieurpädagogik (IGIP)- пен аккредиттелді және инженерлік педагогика бойынша Халықаралық қоғамының аймақтық орталығы дәрежесін алды.
IGIP жоғарғы техникалық білім беру саласындағы беделді халықаралық қоғамдық ұйымдардың бірі болып табылады, ЮНЕСКО және ЮНИДО жанындағы консультациялық мәртебеге ие және әлемде инженерлік- педагогикалық білімнің таралуын қолдайды.
Қазігі таңда Қазақстан Республикасының территориясында тек екі инженерлік педагогика орталығы- ҚарМТУ және әл-Фараби атындағы ҚазНУ- IGIP ресми аккедиттеуінен өтті, бұл өз кезегінде осы орталықтарда жайындықтан өткен оқытушыларға «Инженерлік ЖОО-ның халықаралық оқытушысы» атағын алуға үміткер болуға мүмкіндік береді.