10 наурыз Қарағады мемлекеттік техникалық университетінің бас ғимаратында Ядролық қаруға қарсы «Ынтымақ эстафетасы – жастарға!» Республикалық жастар форумы өтті. Фоумға ҚР барлық ЖОО қатысты.
Республикалық жастардың Ядролық қаруға қарсы онлайн форумының мақсаты: Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті арттыру бойынша саясатын іске асыру құралдары мен тетіктерін одан әрі дамыту бойынша тәжірибе алмасу және перспективаларын анықтау.
Республикалық Ядролық қаруға қарсы форумның міндеттері:
Қазақстан Республикасының ядролық қауіпсіздік саласындағы ағымдағы жағдайын айқындау;
Қазақстанның жалпы қырып- жою құралын таратпау халықаралық режимін нығайтуы бойынша іс-әрекетінің нәтижелілігін талқылау және бағалау;
Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін көтеру,қарусыздандыру, чдролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік саласыдағы Қазақстанның жаһандық лидерлігі мәселелерін талқылау;
Қазақстанның жаһандық ядролық қаруға қарсы ынталарының даму болашағы.
Халықаралықжәне республикалық деңгей қатысушылары форумғакеле алмағандары жағдайында желілік режимде қатыса алды (ғаламтор бойынша).