05.06-07.06.15 «BREAK AWAY» ҚарМТУ-дың Қарқаралыдағы «Политехник» спорт- сауықтыру кешеніне жазғы серуенге шығуы болды. ҚарМТУ студенттерінің сыртқа шығу мектебі- Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Жас Орда» ҚарМТУ студенттер кәсіподағы өткізетін дәстүрлі іс-шара болып табылады. Әр түрлі саладағы, білім беруші шеберлік-сағаттарынан баста, от жанындағы отырыстарға дейінгі 3 күндік өздігінен даму және топ құраулар.
Бағдарламаға білім беру тренингтері, спорттық ойындар, би жарыстары, туристтік серуен және Жиренсақал шыңына көтерілу кірді.
Тренингтер қатысушылардың өзіндік дамуларына, пікір алмасуларына және өздері үшін маңызды ақпарат алуға мүмкіндік берді. Тренингтерді «Жас Орда» ҚарМТУ студенттер кәсіподағы жетекшісінің орынбасары Мурадов Ахъяд және «Қарағанды қаласының жастар жұмыс жасау орталығы» бапкері Пауль Александра өткізді.
Серуенге шығу шеңберінде лагерь бойынша «Күндізгі қарауыл» және «Түнгі қарауыл» ойындарын ойнады. Қатысушылар станцияларда жүгіріп, әр түрлі тапсырмалар орындады. Ойын топ ішінде қатысушыларды біріктіріп, топтар арасындағы бәсекелестік рухын жандандыра түсті.
«Миксер» ойыны серуенге шыққан студенттердің барлығымен танысуға мүмкіндік берді. «Қолтырауын» және «Sensation» ойындары ең қызықты шоу болды.
Жаттығулар мен спорттық ойындар салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүргізілді.
Сонымен қатар қатысушылар өздерін әр түрлі қырларынан көрсете алған «Жарқын портрет», «Дыбыстау», «Әлипби» ойындары да өткізілді. Мұнда қатысушыларға олардың бар талаттары қажет болды, олар ән салып, би биледі.
Ұйқыға жатар алдында шам өткізілді, олар өткен күннен алған әсерлерімен бөлісті.
Барлық серугенге шыққан мектептің нәтижелері көрсетіп, қатысушыларды мақтау қағазымен марапаттау Іс-шараның қорытындысы болды.
Серуенге шыққан студенттердің пікірлері
«Алғашқы оқу жылынан кейінгі керемет демалыс күні болды! Серуен өте жақсы өтті. Жаңа танысулар мен өткен іс-шараларға ризамын. Ұйымдастырушыларға және барлық қатысушылар мен топтарға алғысым шексіз»– Ольга Синютич, МАШ-14-4.
«3 күн қызық, жарыстар, «қарауылдар», тауға шығулар, ең керемет кураторлар мен ұйымдастырушылар, дайындықтар, керемет көңіл-күй, тек қана позитив, ешқандай ұялы телефондар және интернет жоқ және бұның барлығы «Жас Орданың» арқасы. Мен мұнда кіргеніме ешқашан өкінген емеспін. Ұйымдастырушыларға және ең үздік топ Bonibon-ға керемет көңіл-күй сыйлағандары үшін үлкен рахмет»- Алмагүл Толеубекова, ОПИ-14-2.
Серуенге шығу мектебі – бұл жастардың толыққанды және жан-жақты дамуының бірегей алаңы. Бұл мектеп кезінде студенттер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру, жеке бас қасиеттерін дамыту, жаңа білім және қабілеттер игеру, белсенді демалу, сонымен қатар ары қарай өздігінен даму мүмкіндіктерін алады.