2015 жылы 21 сәуірде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің негізінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жарыстық үдерістерді ұйымдастыру департаментінің бас менеджері Камарина Самал, «Ғылым қоры» АҚ стратегиялық жоспарлау ориталығының жетекшісі Кульмагамбетова Асия және Ұлыбритания эксперттері Роуэн Кеннеди және Рейчел Сара-Кеннедидің қатысуымен PhD және Split Phd бағдарламалары бойынша Халықаралық «Болашақ» шәкіртақысына үміткерлерге арналған «Ұлыбританияда ғылыми серіктес іздеу» атты брифинг өтті. Университеттен ғылыми-педагогикалық және инженер- техникалық қызметкерлер, сонымен қатар бітіруші студенттер мен PhD үміткерлерінің арасынан 141 адам қатысты.