2015 ж. 6 сәуірде бас ғимараттың 401 бөлімінде «Кім? Не? Қайда?» интеллектуалдық ойыны бойынша Тау-кен факультеті студенттері арасында жарыс өтті.
Жарысқа ТКФ студенттері арасынан 3 топ қатысты, олардың ішінде 1 топ қазақ тілінде, 2 топ орыс тілінде қатысты. Ойын достық жағдайында және жақсы көңіл- күймен өтті.
Жарыс нәтижелері бойынша бірінші орынға «Мұнай» тобы ие болды, топ құрамында Разумов Юрий, Ким Владислав және Тихонюк Владимир болды. Топ мақтау қағазы және тәтті сыйлықпен марапатталды.
Екінші орынға «ТИК_ТАК» тобы ие болды,топ құрамында Журавлева Ксения, Жанхаева Яна, Наумова Татьяна, Кожабек Науан.
Үшінші орынды «ОЙШЫЛДАР» тобы иеленді, топ құрамында Керпишбай Жаныл, Умарова Алия, Касен Руслан және Аймагамбетова Зарина болды. Ким Владислав «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алып, кітап және медальмен марапатталды.
АТФ-е жарысты ұйымдастыруда көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіреміз.