Факультетаралық жайдарман ойынының жартылай финалы


Жайдарман – қазіргі таңда ауқымды аудиторияны қамтыған, ең ірі жастар қозғалыстарының бірі. Жайдарлы жайдарманшылардың ұлттық болмысын қалыптастырып, ел игілігіне қызмет ететін тәлімді тәрбие беру үлкен міндет. Бұл бағытта орасан тәжірибесі бар Сіздермен қатар жұмыс істеу біз үшін мәртебе.
Ақпанның 25-нші жұлдызында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жастар саясаты департаменті және «Жас Орда» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен «Жастар әлемі» жастар сарайында Қазақ хандығының 550-жылдығына орай дәстүрлі, жыл сайынғы факультетаралық жайдарман ойынының жартылай финалы өтті.
Аталмыш ойынға 6 топ қатысты. Атап айтсақ, «АСФ құрамасы» — «Сәулет-құрылыс» факультеті, «Exclusive» — «Жол-көлік» факультеті, «Оңтүстік» — «Армандастар ордасы» жатақханасы, «Егіз лебіз» — «Энергетика және телекоммуникация» факультеті, «Тау-кен қырандары» — «Тау-кен» факультеті, «Жатақхана жастары» — «№1 Жатақхана».
Жартылай финалдың тәртібі бойынша, «үздік» ойын көрсетіп, жеңіске жеткен 4 топ ақтық мәреге жолдама алады.

Ойын тақырыбы: «Біздің тарих!».

Сайыс түрлері:

Сәлемдесу: 5 минуттан аспауы керек, себебі, команда көп.

Тақырыбы: «Тарихта қалай қаламыз?». Жоғары ұпай – 5.

Әуенді би сайысы: 3 минут уақыт ойналады. Жас топтар үшін сөйлегеннен гөрі, қимылмен, әуенмен визуалды әзілдеген оңайға түседі. Трейлер, батл, бишілер туралы қысқа көрініс түрінде ойнатуға болады. Жалпы фантазияларға байланысты.

Тақырыбы: «Тарихи қимыл». Жоғары ұпай – 4 ұпай.

Әділ-қазылар алқасының құрамында өнерді, әсіресе, әзілді терең жетік меңгерген мамандар болды.

1.Жомарт Әбіш — Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі, Қазақстан КВН Одағының вице-президенті, әділ-қазылар алқасының төрағасы.

2.Нұржан Жетпісбаев — «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы.

3.Мейрбек Қайырбекұлы Байшагиров — Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жастар саясаты департаменті директорының орынбасары.

4.Жунусов Ноян Үдербайұлы — «Жас Орда» студенттер кәсіподағы төрағасының орынбасары.

5.Рауан Нұрғалыұлы Әбікен — «ЖасSTAR» жайдарман тобының ардагер ойыншысы.

Ойын өте тартысты өтті. Жиылған көрерменнің екі езуін мәз-мейрамға айналдырған 6 топ, берілген тақырыпты толығымен аша білді. Алайда, кез келген доданың жеңімпаздары болады.

Сонымен, ақтық мәреге жолдама алған топтар:

  1. «АСФ құрамасы» — «Сәулет-құрылыс» факультеті,
  2. «Exclusive» — «Жол-көлік» факультеті,
  3. «Оңтүстік» — «Армандастар ордасы» жатақханасы,
  4. «Жатақхана жастары» — «№1 Жатақхана».

Өкінішке орай, факультетаралық ойынды аяқтаған екі топ қатарын «Егіз лебіз» — «Энергетика және телекоммуникация» факультеті, «Тау-кен қырандары» — «Тау-кен» факультеті жайдарманшылары толтырды.

Көрермен назарына! Ақтық мәре, сәуір айының 9-ншы жұлдызында өтеді.

 

Без рубрики