ҚарМТУ –де алғаш рет ММ және Н кафедрасы 26.03.2015ж. 5В070900 «Металлургия» және 5В071000 «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», 6М070900 «Металлургия» және 6М071000 «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандықтарының бакалавриат пен магистратура білім беру бағдарламасы бойынша 2019 жылғы мерзімге дейін ASIIN критерийі бойынша халықаралық аккредитациядан өтті.
Кафедра оқытушылары университет өмірінің қоғамдық өміріне және ғылыми жұмыстарына белсене қатысады. Кафедра меңгерушісі Саркенов Б.Б. ҚР БҒМ тестілеу орталығының құрмет грамотасымен марапатталды. ММ және Н кафедрасы оқытушылары Куликов В.Ю. және Квон Св.С. 2014 жыл қорытындысы бойынша «Жыл оқытушысы» атағына ие болды. Докторант Шабанов Е. Ж. «Үздік жас ғалым» номинациясында 2 орын алды. Оқытушы Айтбаев Н.Б. «Үздік куратор» номинациясында 2 орын алды. 1 курс
магистранты Мелешко П.М. «Студенттер мен магистранттар арасында ең үздік» номинациясында 2 орын алды. Куликов В.Ю. материалтану халықаралық орталық жетекшісі болып тағайындалды.
Кафедра студенттері студенттердің алмасуы бойынша халықаралық бағдарламада белсенді қатысуда. Халықаралық мобильділік аясында МВ-12-2 тобының 3 курс студенті Алтынай Бижамбекова Луизиан техникалық университетінде оқыды. Пекин университетіне МЕТ-12-2 тобының 3 курс студенті Кайсаров Ансар жіберілді.
2014 жылы ММ және Н кафедрасының аға оқытушысы Жолдубаева Жумагуль Дюсенбаевна «Металлургия» мамандығы бойынша PhD ғылыми дәрежесін алуға диссертацияны ойдағыдай қорғады және PhD докторы дипломын алды.
ММ және Н кафедрасының оқытушысы Щербакова Елена Петровнаны «Металлургия» мамандығы бойынша PhD ғылыми дәрежесін алуға диссертацияны ойдағыдай қорғауымен және бекітілуімен құттықтаймыз.