«Ғылым және білім саласына қажетті әлеуетті дамыту» семинары


Ғылым комитеті 2015 ж. 23 – 25 маусым аралығында Астана қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі, ОЭС ғылыми қоры ОЭС (ECOSF), «La main a la pate» (LAMAP) қоры (Франция) , Куала-Лумпур қаласындағы (Малайзия)  Халықаралық технология  және жаңашылдықтар ғылымы (ISTIC) орталығы, анкара қаласындағы (Түркия) ОЭС білім беру институты және Исламдық даму банкімен (ИДБ) ынтымақтастықта  оқушылар сарайында «Ғылым және білім саласына қажетті әлеуетті дамыту» (Capacity Building Workshop on Inquiry Based Science Education) атты халықаралық  үш күндік семинар өткізу жоспарланып отырғанын айтты.

Семинар мақсаты- ғылымға жақын Қазақстан жастарын ғылыми идеялармен сабақтастыққа, ғылыми- зерттеу жұмыстарын жасап, жүзеге асыруға үйрету.

Әр ұйымнан 5 адамға дейін қатыса алады. Семинардың ашылуын 2015 ж. 23 мамырында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің қатысуымен өткізу жоспарланып отыр. Қатысушылар Астанаға 2015 ж. 22 маусымда келіп 2015 ж. 25 маусымда немесе 2015 ж. 26 маусымда қайтулары тиіс. Барлық шығынды жіберуші жақ өтейді.

Осыған орай қатысушыларды (40 жастан үлкен емес, және де ағылшын тілін меңгерген) аталмыш семинарға қатысуға бағыттауларыңызды сұраймыз.

Толық ақпарат Ғылым департаментінде (бас ғимарат, 226 б., 56-68-22, ішкі 2226)

Без рубрики