2015 ж. 13 ақпан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру» конференция- кездесуіс және «Жас Орда» ҚарМТУ сденттері кәсіподағының білім беру бойынша комитеті студенттік клубтарының презентациясы өтті.
Конференцияға Жаутикова Салтанат Ахатовнамен – Болон процесін дамыту басқармасының жетекшісі; Касенова Салтанат Кайратовна – Халықаралық байланыс бөлімінің әдіскерімен; Дионис Марцинкевичус– халықаралық жүк тасмалдауды ұйымдастыру бағдарламасының магистранты, кеңес мүшесі және Сенаттың студенттер ісі бойынша комиссиясының жетекшісі (Литва, Вильнюс); Максимова Алина — «Let’s study» студенттік клубының жетекшісі; Касымова Әсел — «Wanna Say» студенттік клубының жетекшісі; Мейрамбекова Әсел — «Жаңадан бастаушыларға арналған қазақ тілі» клубының жетекшісі қатысты.
Конференция барысында келесі мәселелер талқыланды: академиялық ұтқырлықтың мақсаттары мен бағыттары; Қазақстан Республикасының мақсаты еуропалық білім беруге қол жетілімділікті арттыру, білім берудің сапасын арттыру, студенттер мен оқытушылар ұтқырлығын арттыру болып табылатын Болон процесіне қатысуы; ҚарМТУ-да сәтті жүзеге асырылған Болон декларациясының негізгі қағидалары.
Мұнда ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық туралы айтылды, шетелдік 20 университетпен жасалған келісімшарттар мен меморандумдардың нәтижелері, 2014 – 2015 о.ж. күзгі семестірінде ҚарМТУ-дың 11 студентінің шет елдерде білім алуларының нәтижелері қорытындыланды.
ҚарМТУ студенттер клубтарының өкілдері студенттерді білім деңгейін арттыруға қатысуға шақырды.
Конференцияға қатысушылардың баяндамалары студенттерге ҚарМТУ-дың шетелдік университеттермен халықаралық ынтымақтастығы туралы, сонымен қатар студенттік клубтардың өткізетін қазақ және ағылшын тілдерін жетілдіруге арналған курстары туралы ақпарат беру мақсатында презентация, видео-ролигтер түрінде ұсынылды.
Конференция тәжірибемен бөлісу, студенттер үшін маңызды мәселерді талқылаған жылы тату жағдайда өтті. Қатысушылар болашақта осындай кездесулерді бұдан да кең тақырыптарда өткізуге тілек білдірді.
Автор: Коуштаин Кристина СТ-12-1П