Бітіруші студенттердің ЖШС БМ «Кока-Кола Алматы Боттлерс» компаниясында машықтанудан өтуіне жарыс жарияланды.
Жоба 14 қазанда техникалық жоғарғы оқу орындарының 2015 жылғы түлектерін қолдау мақсатында үш мамандық бойынша: «Инженер механик», «Инженер электронщик» және «Инженер химик» іске қосылды.Жарыс шарттары:
1 кезең
«Мен неге Кока кола команиясында жұмыс істегім келеді» тақырыбында эссе + тақырыбына “ Student ” деп жазып, cv @ cci . com . kz электрондық поштасына түйіндеме (GPA көрсетілген) жіберу қажет.
2015 ж. 1 қаңтарына дейін
2 кезең
Студенттерді техникалық тестілеу
3 кезең
Бағалау және сұхбаттасу
Жарыс нәтижесі бойынша 9 студент заводқа өндірістік практикаға қабылданып, жетекшілері бекітіледі.
Практиканы өте жақсы нәтижемене өткен студентті Біз жұмысқа шақырамыз!
Жарысқа бітіруші курс студенттері қатысады!